Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Қорымның қасынан өтіп бара жатқанда бет сипауға болады ма?

Сәрсенбі, 03.09.2021

Қорымның қасынан өтіп бара жатқанда бет сипадым. Автобуста бірге отырған ер адам «бұлай істеуге болмайды» деп дүрсе қойды. Көз ашқалы үлкендерден көргеніміз осы. Оның маған неліктен дүрсе қойғанын түсінбедім. Мәнісін ұғындырсаңыз...

Кешегі коммунистік Кеңес үкіметінің тұсында діни білім алуға тиым салынғандықтан, халқымыздың көпшілігі қабірстанға қалай зиярат ету қажет және онда қандай дұға айту керектігінен хабарсыз болып қалды. Осыған байланысты, халықтың дәстүрінде қорымның тұсынан өтіп бара жатып «бет сипайтын» формасы ғана сақталынған. Ал, бұл жоралғының діни үкіміне келетін болсақ, жалпы, қабірстанға барып өлілерге зиярат жасау немесе қасынан өтіп бара жатып шариғатта белгіленген дұға-тілектерді айту сүннет амалдардың қатарына жатады. Абдулһак-и Деһлебидің «Мадариж-ун-нубубба» атты шығармасында Хақ Елшісінің (с.а.у) Ұһұд ғазауатында шахид болған сахабалардың қорымына барып: «Уа құлшылық жасауға лайықты болған Тәңірім! Сенің Елшің әрі құлың куә; олар Сенің разылығыңды алу үшін шахид болды» деп зиярат жасаған. Іле-шала қасындағы серіктеріне қарап: «Бұлар шахид болған мұсылмандар. Зиярат жасағандарды жазбай таниды. Кімде-кім зиярат жасап, сәлем берсе, олар сәлемді қабыл алып, жауап береді. Қияметке дейін осылай жауап береді» деп айтқандығы баяндалады. Сонымен бірге, Алла Елшісінің (с.а.у) мұсылман қорымына келгенде: «Ассалаумағалейкум дара каумин муминин уа инна иншаллаһ бикум лаһикун», яғни, «Уа муминдердің жұрты! Сәздерге сәлем бердік. Иншаллаһ біз де сіздермен қауышамыз» деп айту керектігін ескерткен. Тіпті, қорымға зиярат еткенде немесе тұсынан өтіп бара жатып өлілердің рухына Ясин суресін оқып бағыштаса, ондағы мұсылмандардың сол күнгі қабір азабы жеңілдейтіні, сондай-ақ, Ықылас сүресін он бір рет оқыса, қабірстанда қанша мұсылман жерленген болса, сонша сауап иеленетіндігі де хадистерде айтылған. Яғни, қорымның жанына өтіп бара жатып, ондағы әруақтарға арнап белгіленген дұға-тілектерді жасаудың шариғатта әбестігі жоқ. Қайта, сауабы мол сүннет амал саналады.

Оқылды 5111 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top