Қазіргі қоғам және адами құндылықтар

Сейсенбі, 12.05.2022

Бүгін жаһандық мағынада бүкіл әлем адамның абыройы тұрғысынан маңызды бір сынақтан өтіп жатыр. Еш күмәнсіз, адамзат тарихы адам құндылығының аяқ асты болған, абыроймен өмір сүрудің қиындатылған кезеңін басынан өткеруде.

Зорлық-зомбылық пен террорлық оқиғалар белең алған, қылмыс пен азғындық әрекеттер жылдам артып отырған дүниеде адами құндылықтарға жараспайтын оқиғаларға жиі кездесіп жатамыз. Жоқ жерден себепсіз соғыс шығару, терроризм, күш қолдану, азап көрсету, зұлымдық, отаршылдық, нәсілшілдік, әділетсіздік, теңсіздік, кемсітушілік, шеттету, еңбекті бағаламау, қанаушылық, аштық, жоқшылық сияқты адам атын қорлайтын жаһандық мәселелер бүгінгі қоғамның хад-ахуалын, деңгейін көрсететін мысалдар.

Әлемдік жаңғыру (модернизация) кезеңінде артып отырған рационализациялаумен бірге материалдық  тұрғыдан маңызды табыстарға қол жеткізілді. Әсіресе, технология саласында тіркелген дамулар адам өмірін маңызды көлемде жеңілдетті.

Алайда, жаңғыру (модернизация) материалдық тұрғыдан өте үлкен жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынғанымен қатар, адам мен табиғатты отарлау, соғыс қаупі, қоршаған ортаны ластау, адамзатты рухсыздандыру және рухани құндылықтардан мақұрым қалдыру сияқты көптеген проблемаларды да өзімен бірге ала келді.

Көріп отырғанымыздай, білім мен технология  салалары төтенше дамуымен көптеген бағыттарда биі дәрежеде болғанына қарамастан, адами құндылықтардың сақталуы бағытында осы қарқынды көрсете алмауда.

Адамзат баласы білім мен технология саласында қарыштап дамығанымен, адам абыройын қорғау мен жоғарылатуда алға баса алмай келеді. Бүгінгі күні күллі әлемде, әсіресе, мұсылмандар мекен ететін аймақтарда адамды құрметтеу, бағалау тұрғысынан проблемалар бар екені, адамға оның лайық болған орны берілмейтіні байқалып тұр. Бүгін Сирияда, Иракта, Ауғанстанда, Ливияда, Египетте миллиондаған тұрғындар тыныш өмір сүруге зар болып отыр. Миллиондаған адамдар босқын болып, аш-жалаңаш, жетім бала-шаға тыныштық іздеп өз елдерінен бас сауғалауда.

Алайда, Исламның екі негізгі қайнары – Құран мен Сүннетте адамның абыройлы жаратылыс екені туралы баса айтылады. Осы жағынан адам басқа да тіршілік иелеріне қарағанда «ғажайып» бір жаратылыс. Өкінішке қарай, Құранды дұрыс түсіне алмаған мұсылмандар өзінің «ғажайып» бір жаратылыс екенін де түсіне алмауда.

Адамзаттың ардақ тұтар пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ізінен ерген түркі жұртының танымал тұлғалары Қожа Ахмет Яссауй, Юнус Әміре, Мәулана қандай жағдайда болмасын адамды құрметтеуді, жақсы көруді насихаттап, абыройды түсіретін, ренжітетін әрекеттерден сақтануға шақырды. Өйткені, құндылықтар жүйесі күшті болған қоғам мұндай аласапыраннан аман қалады.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

Теология ғылымының докторы

Оқылды 3742 рет
JoomShaper
Top