Бір жыныстылықтың емі бар ма?

Сәрсенбі, 12.10.2021

Ислам діні адамның өзінің табиғатына қайшы əрекет етуін құптамайды. Шариғатта ер кісінің əйелге, əйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған.

Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелге ұқсағысы келген еркектерге жəне еркектерге ұқсағысы келген əйелдерге лағынет айт- ты» деген. (Бұһари, Сахих) Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді: «Мен оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, əмір етемін» (Ниса сүресі, 119-аят). Яғни бұл іс-əрекет – шайтанның азғыруына алданғандардың ісі. Сондықтан, бұндай жағдайда Алла Тағаладан көп-көп дұға тілеп, тəубе жасап, адам баласы ерік-жігерін дұрыс жолда жүруге жұмылдыруы қажет. Оның тысында «Аятул-күрси», «Ықылас», «Фəлақ», «Нас» сүрелері секілді Құран сүрелерін əрдайым оқып тұрған дұрыс. Сонымен қатар, уақыт өткізбей психотерапевтке қаралып, емделген жөн.

 Сауалға жауап берген дінтанушы,

Ph.D докторы Алау ƏДІЛБАЕВ

Оқылды 498 рет
JoomShaper
Top