Ұлық имам ұлына нені ескертті?

Дүйсенбі, 16.05.2022

Ұлық имам Әбу Ханифа бірде ұлы Хаммадтың біреумен ақида мәселесінде қызылкеңірдек болып пікір таластырып жатқанын көріп, алдымен екеуін мұқият тыңдайды.

Сөйтеді де, ұлына ендігәрі ондай таласқа бармауын ескертеді. Ұлы «Әке, сіз де пікір таластырасыз ғой» деп қалады.

Сонда Ұлық Имам ұлына:

– Ұлым, біз пікір таластырғанда, алдымыздағы адамды байқаусызда иманнан суытып алмауға қатты көңіл бөлетініміз сонша, басымызға құс қонақтап, сол құсты үркітіп алмайық дегендей бұған асқан сезімталдықпен қараймыз. Жайлап қана сөзге тарту арқылы ол адамның дұрысын үйренуіне жағдай жасаймыз. Ал сендер әлгі адамды жерден алып, көрге саласыңдар. Бұларың жөн емес, -  деп түсіндіреді. 

Құдайберді БАҒАШАР

Оқылды 1124 рет
JoomShaper
Top