Ұлық болсаң кішік бол

Бейсенбі, 01.09.2021

Бір күні Ахнаф ибн Қайыс жанында тағы да өзі сияқты екі-үш кісі бар, жұмыспен халифаға келеді. Халифа Омар (р.а.) үйінде жоқ, бір түйе бұйдасын үзіп кетіп, соны ұстай алмай қуалап жүр екен.

Түйе жеке адамның емес, қазынаның малы болса керек, халифа келгендердің сәлемін алар-алмас:

– Кәне, мына түйені ұстайық, айырылып қалсақ қаншама адамның ақысы мойнымызда кетеді, – дейді. Қонақтардың бірі халифаға:

– Сіз халифа емессіз бе? Түйені ұстауды жалшыларыңызға-ақ тапсырсаңыз болмай ма? – дегенде, халифа:

– Менен артық саған басқа қандай құл керек? – деп ашуланған екен.

Оқылды 311 рет
JoomShaper
Top