Жақсылықтың ең үлкені

Бейсенбі, 04.08.2021

Әбу Зәрр (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде пайғамбарымызға (с.а.с.) барып «Маған ақыреттік пайдасы бар кеңес беріңізші?» дегенімде, – Дүниелік ісіңнің артынша дереу сауапты іс жаса. Қатең менен күнәңды жуып-шайсын, – деген жауап алдым.   

– «Лә иләһә илаллаһ» деп айту да сауапты іске жата ма? – деп сұрағанымда, – О не дегенің? Бұл сөз – жақсылықтың ең үлкені» деп айтты деп, – Әбу Зәрр (р.а.) адамзат үшін сауапты әрекеттерді атап көрсетті.

Оқылды 1462 рет
JoomShaper
Top