Дәрет алғаннан кейін бетке опа-далап жағып, боянып, намаз оқуға бола ма?

Сейсенбі, 08.12.2021

Дәреттің дұрыс атқарылуы үшін алдымен денедегі дәретке кедергі келтіретін нәрселерді тазалау қажет. Яғни, тырнақтағы лак, бетке жағылған қалың опа-далаптар, кірпікке жалғанған жасанды кірпік секілді су өткізбейтін нәрселерді дәреттен бұрын алып тастау немесе сүртіп тазалау қажет. Әйтпесе, дәрет алу кезінде жуылатын мүшелерге су толық тимейді.

Ал, дәрет алғаннан кейін боянуға және сонымен намазға оқуға болады. Бірақ, ол үшін боянатын заттардың құрамында нәжістер болмауы қажет. Себебі, денеге жағылған сұйық нәжіс көлемі жағынан алақан уысының ішіндей, құрғақ нәжіс 3,5 гр салмағындай болса намаздың дұрыстығына кедергі болады. Ал, нәжістерге арақ және сол тектес барлық ішімдіктер, доңыз, қан, зәр, жыныстық мүшелерден шығатын басқа да сұйықтықтар т.б. секілді ластықтар жатады. Егер, құрамында осындай ластықтар, харам нәрселер болса, онда мұндай бояу, опа-далаптар жағылған күйде намаз оқуға болмайды. 

Оқылды 3430 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top