Стамбул терроры кінәсін мойындады

Сәрсенбі, 18.01.2022

Астана. 18 қаңтар. E-ISLAM – Жаңа жыл кешінде Стамбул қаласындағы Reina клубына қарулы шабуыл жасаған өзбекстандық Абдулгадир Машарипов арнайы жасақтың бірнеше ауданда жүргізген операциясы барысында қолға түсті.

Стамбул губернаторы Кадир Топбаш ұсталған азамат кінәсін мойындағанын мәлім етті, деп хабарлайды CNN Turk телеарнасы.

Машариповтың айыбын оның саусақ іздері де айғақтаған. «Барлығы оның бұл қылмысты ДАИШ террористік ұйымы атынан жасағанын айтады» дейді губернатор.

Еске сала кетсек, Стамбул орталығында орналасқан түнгі клубқа баса көктеп кірген террорист оқ жаудырған. Салдарынан 13 елдің 39 азаматы мерт болды. 70-тен аса адам жарақаттанды. 

Оқылды 536 рет
JoomShaper
Top