Деструктивті діни топтардың зайырлы мемлекетті мойындамауының себебі неде?

Сәрсенбі, 22 Қазан 2014 10:26

Базбір деструктивті діни топтардың зайырлы мемлекетті мойындамауының бірден-бір себебі – секуляративті қоғамдағы құқықтық нормалар мәңгілік бақытпен (жұмақ) қауышуға кедергі келтіреді деп біледі. Мемлекет пен діннің ара-қатынасын зерттеп жүрген маман ретінде бұл пікірге не айтасыз?

Иә, сұрағыңыз өте орынды.Ислам дінінің құндылықтарын тұтыну үшін ең қолайлы саяси жүйе дарул-ислам болғанымен, зайырлы мемлекеттерде мұсылмандардың ақыреттік бақыты қамтамасыз етілмейді деген сөз емес. Рас, дарул-ислам саяси жүйесі  мұсылмандардың екі дүниедегі бақытын қамтамасыз етуді қолға алады. Дарул-ислам жүйесінде азаматтар жұмақтағы мәңгі бақытпен қауышуы үшін қоғамдық қатынасты реттеуші жалпы құқықтық нормалар діни нормалармен бекітіледі. Ал, зайырлы мемлекеттер өз азаматтарын тек бұл дүниедегі (захир – нақты көрінген) бақытпен қамтамасыз етуді көздейді. Бірақ, бұл дегеніміз зайырлылық жүйе діни еркіндікке қол сұқты дегенді білдірмейді. Зайырлы мемлекетте тылсым әлемдегі бақытқа (жұмаққа) қол жеткізу мәселесі азаматтардың ар-ождан бостандығына қалдырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясынның 19 бабының 1 тармағында «Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының 1-2 тармақтарында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар», «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс» деген нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының 7 бабының 1-ші тармағындағы « Діни бірлестіктер табыну орындарын ұстауға құқылы» атты құқықтық норма да елімізде ар-ождан  бостандығына ерік берілгенін әйгілейді. Яғни, елімізде бой көрсетіп жүрген деструктивті діни ағымдардың бір кеңістікте өмір сүріп жатқан адамдардың өзара мәмлесінің негізінде құрылған дүниеуи (светский) мемлекеттің заңдарын «ақыреттегі жұмақты мақсат етпейді» деп мансұқтауы мүлде жөнсіз. Сондай-ақ, зайырлы мемлекетті жоққа шығарып отырып, ол жерден хиджра (көшіп кетуге) жасауға үгіттеуі де қисынсыз. Себебі, дәстүрлі Исламның канондық негіздері қарайтын болсақ, дінімізде мұсылмандық ритуалдардың орындалуына мүлде рұқсат бермейтін мемлекеттен ғана көшіп кетуге болады. Ал, Қазақстан Республикасының заңдарында діни ғұрыптардың орындалуына тиым салатын бірде-бір құқықтық норма жоқ. Демек, деструктивті діни ағымдардың мұсылмандарды хиджра жасауға шақыруы – Қазақстан мемлекетіне ашықтан-ашық жасалып отырған қаскөйлік.

Оқылды 1896 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Мамыр 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Аудио

JoomShaper