«Дінтану негіздері» пәні - «Зайырлылық пен дінтану негіздері» болып өзгереді

Жұма, 24.10.2021

АСТАНА. 24 қазан. E-islam.kz - Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстандағы дін мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысында Ғалым Шойкин мәлімдеді. 

Осы отырыста сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин "Мемлекет зайырлығының мәнін ашып, қазақ қоғамының дәстүрлі құндылықтарын насихаттау мақсатында арнайы курстың атауы "Зайырлылық пен дінтану негіздері" болып өзгереді. Осыған орай пәннің негізгі оқу бағдарламасы жасақталды. Онда антиэкстремистік және антитеррористік насихат тұрғысындағы тақырыптар да қамтылған" деп мәлімдеді. Ол сонымен қатар, жуық арада курстың оқу-методикалық  жиынтығы, яғни, оқу құралы, хрестоматиясы, жұмыс дәптері мен оқытушыға арналған мәліметтер жинағын шығару қолға алынып отырғанын тілге тиек етті. 

 

 

Оқылды 741 рет
JoomShaper
Top