Астанада Сирия бойынша өтуі тиіс келіссөздер тоқтатылуы мүмкін

Сәрсенбі, 04.01.2022

Астана. 4 қаңтар. E-ISLAM – Бірнеше сириялық бас көтеруші топ өкілдері Қазақстанда өтетін бейбіт конференцияға қатысудан бас тартатындықтарын мәлім етті. Олар Асад күштерін соғысты тоқтату режимін бұзды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Би-би-сиге сілтеме жасап ҚазАқпарат ХАА.

Мәлімдемеде көтерілісшілердің татуластық шарттарын қатаң ұстанып отырғандығы айтылған. Алайда, үкімет күштері ирандық одақтастарының қолдауын пайдалана отырып, Дамск, Шығыс Гута мен Вади-Барада алқабында келісілген шарттарды бірнеше мәрте бұзған.

Көтерілісшілер егер Асадтың күштері татуласу келісімін пайдаланып, бас көтерушілердің қарамағындағы аймақтарды басып алуға тырысатын болса, өздерінің келісімнен бас тартатындықтарын мәлімдеді. Бейбіт келіссөздер осы айда Астанада басталуы қажет болатын.

31 желтоқсан күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы соғысты тоқтату мен Дамаскінің оппозиция өкілдерімен келіссөздер жүргізуді бастау жөніндегі Ресей тарапынан дайындалған келісімдерді қолдау туралы резолюцияны бірауыздан қабылдады.

Резолюция үкімет пен көтерілісшілер арасында келіссөздер жүргізу жолымен қақтығысты саяси тұрғыда реттеуге шақырады. 30 желтоқсанның түнінен бастап, татуластық туралы келісім күшіне енді. Алайда келісімнің Ресей мен өзге де мемлекеттерде қызметіне тыйым салынған ДАИШ, «Джабхат Фатех аш-Шам» сияқты кейбір топтарға ешқандай қатысы жоқ.

Оқылды 200 рет
JoomShaper
Top