Стамбул терактісінде 39 адам қаза тапты

Сәрсенбі, 04.01.2022

Астана. 4 қаңтар. E-ISLAM – Түркияның Стамбул қаласында жаңа жылдық кеште қарулы қылмыскер Reina түнгі клубына шабуыл жасады.

Уақиға Стамбулдың орталық ауданында орын алды. Түркия ІММ басшысы мен қала мэрінің мәлімдеулерінше, қаскөй Санта-Клаустың киімінде болған. Оның қолынан мерт болған клубтағы 16 адам – шетел азаматы. Тағы 65 адам жарақат алған.

800-ге жуық адам жиылған мерекелік кеште шабуыл түнгі сағат 1:15 шамасында жасалған. Қандықол қылмыскер күзетшіні атып тастап, клубқа кіріп адамдарға оқ жаудырған.

Оқылды 202 рет
JoomShaper
Top