Сирия соғысына 73 атыраулық аттанған

Сәрсенбі, 04.01.2022

Астана. 4 қаңтар. E-ISLAM – Дәстүрлі емес діни ағымға ерген азаматтар отбасы, балаларымен бірге Сирия мен Иракқа кеткен. Бұл туралы 365info.kz. хабарлады.

Қазақстан азаматтары бұл сапарға виза талап етілмейтін елдер арқылы аттанған. Бұл жайында Атырау облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарма басшысы Ербол Оңғаров мәлімдеді, деп жазады «Казинформ».

«Құқыққорғау органы қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде өткен жылы радикалды топ мүшелеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. Дәстүрлі емес ағым ұстанушыларына қатысты жалпы саны 10 қылмыстық іс көтерілді. Олардан 476 дана баспа өнімдері тәркіленді» деп атап өтті Е.Оңғаров.

Департамент басшысының айтуынша, облыс аумағынан діни білім алу мақсатында 129 азамат шетелге кеткен. Оның 94-і Қазақстанға оралды, 35-і білімін жалғастыруда.

Оқылды 220 рет
JoomShaper
Top