Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұрпағы Сыр елінде қонақта болды

Сейсенбі, 27.12.2021

Астана. 27 желтоқсан. E-ISLAM – Қызылорда облысының «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Әл – Ақса мешітінің имамы Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересі, Хасаннан (р.а) тараған ұрпағы Шейх Наджих Бкерат қонақта болды, деп хабарлайды облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.

Жалпы Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – Исламның үшінші қасиетті мекені.

Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын. 

Осы мекеннен Сыр еліне тұңғыш рет келген Шейх Наджих Бкерат орталық мешіт тынысымен танысып, өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлымен кездесті.

Өз кезегінде өкіл имам қонаққа қасиетті Құран Кәрімді, жайнамаз, тәспі және ұлттық үлгідегі қаламды сыйға тартты.

Шейх Наджих Бкерат мешіт қызметіне ризашылығын білдіріп, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының еңбегіне, қызметіне  береке тілеп, дұға жасады.

Сондай-ақ, сол күні ұйымдастырылған қалалық "Қалмұхаммед ишан" мешітіндегі Мәуліт мерекесіне қатысты.

Сыр еліндегі Мәулітке қатысқан Шейх Наджих Бкерат ел тыныштығы үшін дұға етті.

Оқылды 676 рет
JoomShaper
Top