Ердоған АҚШ-қа айып тақты

Сәрсенбі, 28.12.2021

Астана. 28 желтоқсан. E-ISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада берген баспасөз конференциясында АҚШ пен оның Сириядағы антитеррорлық операция бойынша одақтастары ДАИШ террористік ұйымы мен оған қатысты экстремистік топтарға көмек берді деп мәлімдеді.

Ердоғанның айтуынша, бұл мәлімдемелерге фото және видеоматериалдар түрінде айқын дәлелді құжаттар бар.

«Олар бізді ДАИШ-ке қолдау білдіреді деп айыптады. Қазір өздері террористік топтарға, оның ішінде ДАИШ содырларына көмектесіп келеді» деді Ердоған.

Алайда, АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдері түрік басшысы айтқан айыптауларды теріске шығарды. Сыртқы саясат ведомствосы өкілі Марк Тонер айыптаулардың ешбірінде нақты дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады ВВС.

Оқылды 631 рет
JoomShaper
Top