Мысыр жаңа астана салып жатыр

Дүйсенбі, 26.12.2021

Астана. 26 желтоқсан. E-ISLAM – Мысыр елі жаңа астана салып жатыр. Жалпы аумағы 700 шаршы шақырымнан тұратын жаңа қала қазіргі ел астанасы Каирдың шығысындағы шөл далада орналасқан.

Қала құрылысының алғашқы кезеңі алдағы бес жылда аяқталып, әкімшілік ғимараттар мен мемлекет басшысының резиденциясы салынатын болады.

Жоспар бойынша, жаңа астанаға 5 млн адам қоныстанбақ. Онда 1000-нан астам мешіт, ақылды қалашықтар, индустриялды аймақ пен әлемдегі ең үлкен бақ болмақ, деп хабарлайды CNN.  

Оқылды 308 рет
JoomShaper
Top