«Ислам және әйел» республикалық байқауы басталды

Дүйсенбі, 13.03.2022

Астана. 13 наурыз. E-ISLAM – Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады! Мақала жазудың шарттары төмендегідей:

Жазылатын мақала дінмен ұштасқан болуы қажет;

Бір автордан бір мақала, көлемі 5-8 бет аралығында болу керек;

Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы;

Ғылыми фактілер келтірілген жағдайда сілтеме көрсетілуі;

Туындының плагиат болмауы;

Мақала Word форматы түрінде Times New Roman (14 кегльде (шрифт) қарпімен жазылуы тиіс;

Мақала «Ислам және әйел» тақырыбы аясында болуға тиіс;

Мақала жазушының (аты-жөні, елді-мекені, байланыс телефондары) болуы тиіс.

Үздік деп танылған 3 мақала бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ескерту: Мақалалар 2017 жылдың 1 мамырына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Байланыс тел: 8 (7172) 286 220

Оқылды 75 рет
JoomShaper
Top