Зайырлы мемлекеттегі діннің ролі

Сенбі, 30.08.2021

Бүгінде Қазақстан Республикасында діндердің жалпы ахуалы қалыпты деңгейде дамып келеді. Өйткені Қазақстан  авторитарлық, тотолитарлық және теократиялық басқару жүйесінен өзгеше. Қазақстан зайырлы мемлекет болуына байланысты ресми түрде діндерге мейлінше бейтарап қарайды. Ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Конфессия аралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көп конфессиялық Қазақстан үшін қажет екендігін көрсету. Зайырлы мемлекет – діннің бөлінуі нәтижесінде пайда болған діни емес, азаматтық нормалар негізінде басқарылатын, мемлекеттік органдардың шешімдері діни негіздері болмайтын мемлекет

Қазіргі кезде Қазақстанда дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселелер ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің  дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын  мәселелердің бірі көтерілетіндігі сөзсіз. Мемлекет басшысы қажетті құқықтық шектеулерді белгілеу, олардың мәртебесі мен қызметін анық регламенттеу жолымен діни бірлестіктер туралы заңнаманы жаңартуға, сондай-ақ қазіргі заман шындығы мен үрдістерді есепке ала отырып конфессионалдық қарым-қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс негіздерін анықтауға бағытталған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заң Қазақстан Республикасының өзiн демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепiлдiк беретiнiн, ханафи бағытындағы исламның және православиелiк христиандықтың халықтың мәдениетiнiң дамуы мен рухани өмiрiндегi тарихи рөлiн танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетiн басқа да дiндердi құрметтейтiнiн, конфессияаралық келiсiмнiң, дiни тағаттылықтың және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудiң маңыздылығын танитынын негiзге алады. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық жүйені демократияландыру үдерісі қоғам өмірінің діни саласын да қамтып, жаңа діни ахуалдың қалыптасуына алып келді. Жаппай атеизм және діни руханилықты жоққа шығару үдерісі конфессиялық жаңғырумен, діни сана-сезімнің мәмілегерлік пен сенімге негізделіп өзгеруімен алмасты. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның конфессиялық кеңістік құрылымы айтарлықтай өзгерді. Зайырлылық өлшем, тепе теңдікті қамтамасыз ететін жүйе. Бұл жүйеде дін мен мемлекет өзара автономды өмір сүруі тиіс.

Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы мемлекет. Мемлекеттік басқару жүйесі президенттік. Дін – қоғам, адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтарының бірі. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Қазақстан қоғамы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни бірлестіктердің жұмысын  қадағалау қажет. Қазіргі күні діни мәселелерге қатысты мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралардан, қоғамымызда орын алған кейбір келеңсіз жағадайларға немқұрайды емес екендігін байқауға болады. Оған дәлел мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Дін істері жөніндегі агенттік құрылды. 2011 жылы 11қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды, яғни зайырлылық приниптері сақталған десек болады. Өйткені зайырлылық принциптері Ата заңымыз Конституцияда айқын нақтыланған. Ресейдің атақты сектатанушысы Дворкинмен Шымкент қаласында кездескен кезде  Ресейде  Қазақстан Республикасының  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы сияқты дінге байланысты заңның жоқ екенін айтты. Қазақстан республикасының президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стартегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл факт. Бірақ өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз -  хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс. Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарау  керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты».

Қазақстандағы конфессиялардың жұмысына ешқандай кедергілер болып жатқан жоқ. Осыған дәлел елбасы Н. Ә. Назарбаев Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилмен 2010 жылының 14 қаңтарындағы кездесуі барсындағы әңгімесінде: «Бүгінде Қазақстанда діннің еш кедергісіз дамуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Дінге, діндарлардың мүддесіне құрметпен қарау және олармен қалтқысыз қарым-қатынас жасау – біздің мемлекетіміздің түбегейлі саясаты»,- деп дін жөнінде мемлекеттің негізігі көзқарасын ашты. Сонымен бірге адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22- бабында былай делінген: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Адамның қандай діни сенімге сенуі оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде президент Н.Ә. Назарбаев: Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ», деген болатын. Жалпы еліміздің халқының басым көпшілігінің ұстантын діні Ислам. Қазақстанда басқа дін өкілдеріне және басқа діндерге құрметпен қарайды. Оның айғағы елімізде елбасымыздың бастамасымен елордамыз Астанада 2003 жылдан бастап  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлер съездері өткізіліп келеді. 18 қазан Қазақстанда «Рухани келісім» күні деп аталып келеді.

Зайырлылық принципінде мемлекет дінге араласпайды. Яғни, діннің иман-сенім, құлшылық негіздеріне, оны үйрету мәселелеріне араласпайды. Сондай-ақ белгілі бір діннің заң-ережелерін өз істеріне бағыт-бағдар етіп алмау деген сөз.

Қорыта айтқанда, зайырлылық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін жүйе болып саналады. Бұл жүйеде мемлекет пен дін бір-біріне араласпай, әрқайсысы бөлек жұмыс жүргізеді. Дін еркіндігі мен одан туындайтын құқықтардың қамтамасыз етілуі тек зайырлылық принципімен жүзеге асады. Зайырлылық принципі жүзеге асырылған мемлекеттерде дін мен мемлекет қатынастары өз орнымен жүргізіліп, келеңсіздіктер жойылған. Сондықтан да адамдардың бір-бірінің құқықтарын пайдалануына жол берілмейді. Бірақ, бүгінгі күнде көпшілік қауым қабылдайтындай етіп рационалдық тұрғыдан анықтамасы берілмей, жан-жақты қарастырылмай конститутцияға енгізілген бұл ұғым көптеген елдердегідей Қазақстанда да ұзақ уақыт пікір-талас тудыратын мәселеге айналуы мүмкін. Зайырлылық ұстанымы бар, бірақ оны негізге алмайтын мемлекеттерде діни фанатизм немесе саяси лаңкестік билікке үстемдік етеді.

Қазақстан дінтанушыларының Үшінші Форумы материалдарының жинағы. – Астана, 2013 ж.

Оқылды 1414 рет
JoomShaper
Top