Түнде тырнақ алуға бола ма?

Сейсенбі, 28.10.2021

Апамыз: «түнде тырнақ алма, жаман болады» деуші еді. Шариғатта осыған қатысты пәтуа бар ма?

Тырнақ алу – адам табиғатындағы негізгі қажеттіліктердің бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Шамадан тыс өсіп кеткен тырнақ микроптардың жиналатын ошағы. Сондықтан, деннің саулығы, гигиена тұрғысынан әрі дәрет және ғұсыл дұрыс орындалу үшін тырнақтардың астының таза болуы қажет.

Шариғат бойынша тек қана қажылық және ұмра құлшылығын өтеу барысында ихрам киіп жүрген кезде тырнақ алуға болмайды. Үлкендіріміздің «түнде тырнақ алма, жаман болады» деуі – бұрынғы кездері жарықтандырудың болмауына байланысты айтылған тыйым. Өйткені бабалырымыз тазалыққа ерекше мән берген. А,л түнде алынған тырнақтың әр жаққа ұшып, тіпті ішетін тамаққа да түсіп кетуі бек мүмкін. Сонымен қатар, тырнақ аламын деп жүріп, қолды жарақаттап алу да ғажап емес.

Кезінде Имам Ағзамның шәкірті Әбу Юсуфтан Харун ар-Рашид тырнақты түнде алуға болып-болмайтындығына қатысты не дейтінін сұраған кезде ол:

– Болады,-дейді. Сонда Харун әр-Рашид:

– Бұған қандай дәлелің бар?,-дегенде ол:

– Пайғамбарымыз: «Жақсы істерді кешіктірмеңдер»,-деген» деп жауап берген екен.

Оқылды 12009 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top