Құран оқу жарысы 2013ылдың 21-23 тамыз күндері, Алматы қалалық орталық мешітінде өтеді.
Бұған дейін тамыз айының 14-16 күндері өңірлерде іріктеу турлары өтеді. Іріктеу турдан өткен қарилар республикалық жарысқа жолдама алады.
ЖАРЫС БАҒЫТТАРЫ:
30 пара (Құранды толық жатқа оқу);
10 пара (Құранның 3/1 жатқа оқу);
5 пара (Құранның 3/0,5 жатқа оқу);
Құранды көркем (тәжуид қағидаларын сақтап, мәнерлеп) оқу.
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Казақстан Республикасының азаматы болуы;
Қатысушы қай облыстан ұсынылса, сол облыстың тұрғыны болу;
Қатысушының жасы 15-25 жас аралығында болуы;
Қатысушы тек бір бағыт бойынша қатыса алады;
Республикалық жарысқа қатысушы үміткерлерді ҚМДБ-ның өңірлердегі өкілдіктері тамыз айының 17-ші жұлдызына дейін ұсына алады.