«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Интервью Дінім – ислам, өзім – қазақпын 

Дінім – ислам, өзім – қазақпын 

АСТАНА. 13 мамыр. E-ISLAM.KZ - Астанада күрес түрлерінен өткен Азия біріншілігінде өзге елдің намысын қорғап жүрген көп қазақтың бірін кездестірген едік. Есімі – Руслан Царев. Естеріңізде болса, Руслан 66 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, қырғыз қоржынына түскен екі алтынның біріне иелік етті. Бір қарап, Русланның қазаққа қатысы қанша деп ойлауыңыз мүмкін. Ендеше түсіндіре кетейік, түрі де, тегі де қазаққа ұқсамайтын жігіттің әкесі – қазақ, ал шешесі – орыс ұлтының өкілі. 1991 жылы Тараз қаласында туған қандасымыз бір жастан асқан шағында отбасымен бірге Қырғызстан астанасына қоныс аударған екен. Содан бері қоңсы елде тұрып жатыр. Жастайынан әкесінен айырылғанымен, өзінің тегін де, түп-тамырын да ұмытпаған Руслан өзінің қазақ екендігін мақтан тұтатындығын айтты.  

– Руслан, алдымен алғашқы жүлдең құтты болсын!

– Рахмет, Астанаға осымен екінші рет келіп отырмын. Бұған дейін бағымды 2012 жылы Президент кубогында сынадым. Әрине, мұндай жауапты сындарда жеңіске жету оңайға соқпайды. Міне, ересектер қатарына қосылғалы үш жыл. Содан бері тұңғыш рет Азия біріншілігінде топ жарып отырмын. Оның үстіне Елордаға келер алдында 9 келіге арықтауға тура келді. Әрі финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде жергілікті балуанмен шығып, жеңісті жұлып алу қиынға соқты. Қалай дегенмен ол өз елінде күресті. Қолдаушылары да көп болды.

– Ал өзіңді қазаққа жатпын деп санайсың ба?

– Бұлай дегенім жоқ. Менің әкем – қазақ, шешем – орыс. Өзім Таразда туып, бір жастан асқан шағымда отбасымызбен бірге Бішкекке көшіппіз. Содан бері Қырғызстанда тұрамын. Бірақ өзімнің қазақ екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Финалдық бәсекеде жанкүйерлік танытқан қандас бауырларыма алғысым шексіз. «Қазақ-қырғыз бір туған» деп жатады ғой. Таразға ат басын жиі бұрып тұрамын. Бішкекте де қазақтар көп. Сондықтан өзімді бөтен елде өмір сүріп жатырмын деп есептемеймін. 

– Азия біріншілігінің ұйымдастырылу деңгейіне қандай баға берер едің?

– Қазақ халқы қашан да қонақжайлылығынан айырылған емес. Әрі жауапкершілікті жете түсіне біледі. Бұған сары құрлық додасында да куә болдық. Аты дардай талай спортшы келген. Азия, әлем чемпионаттарының, тіпті, Олимпиада ойындарының да жүлдегерлері қатысты. Мұның өзі Қазақстанның күрес әлеміндегі абыройын көрсетсе керек. 

– Атажұртыңа оралу ойда бар ма?

– Алматыда 2010 жылы өткен турнирде Алматы облысының бапкері өз командасына шақырып еді. Алайда мен бас тарттым. Себебі, әкемдей болып кеткен жеке жаттықтырушыларым Шухрат пен Фурхат Ушуровтарды тастап кете алмасымды жақсы білдім. Шындап келгенде, сыңарым Роман екеуміз жастайымыздан әкесіз өстік. Бізді бағып-қаққан жалғыз анам. Ал бапкерлерім маған әкемнің жоқтығын білдіртпеді. Білгенін үйретуден де жалыққан емес. Кейде еркелетеді, қажет кезде ұрысып та алатын.  

– Әкеңізбен мүлде араласпадыңыздар ма?

– Ол кісінің дүниеден өткенінен бірнеше жылдың жүзі болды. Қазір туған-туыстары да қалмаған. Әйтпесе, ер азамат болғандықтан, әкемді де түсінуге тырысып, ренішімді ұмытқанмын. Менің спортқа келуіме сол кісінің ықпалы зор. Өзі бапкер болғандықтан, бауырым екеумізді де әртүрлі спорт үйірмелеріне берді. Бокспен де, каратэмен де, күреспен де шұғылдандым. Бірақ 2004 жылдан бері күреске толық бет бұрып, содан бері бұл спорт өмірімнің мәніне айналып кетті. Роман да балуан. Алайда жылдың басында аяғын жарақаттап алып, спорттан ерте кетуді жөн көрді. Жуырда ғана шаңырақ көтерді. 

– Тегіңіздің неге Царев екенін түсіне алмай отырмыз...

– Ата-анам айырылысқанда, шешем бізді өз тегіне жаздырған екен. Негізі Қоңыразов болғанмын. Бірақ төлқұжатымда ұлтым қазақ деп көрсетілген. Жалпы, анам бізге қазақы тәрбие беруге тырысты. Өзі намаз оқиды. Мұсылман екенімді де мақтан тұтамын. Бауырымның әйелі украин ұлтынан. Соған қарамастан, ол да ислам дінін қабылдады.  

– Күзде Азия ойындары мен әлем біріншілігі өтеді. Екеуінің арасы алыс емес. Сізді бапкерлеріңіз қайсысына жіберуді ұйғарып отыр?

– Азия ойындарына қатысамын деген жоспарым бар. Себебі, кіл мықтылар осы сары құрлықта жиналады. Төрт жылда бір өтетін бұл доданың беделі де әлдеқайда жоғары. Инчхонда өзімді көрсете білсем, Рио Олимпиадасына бару да оңай болатынына сенімдімін. 

– Ал Қырғыз елінде спортшылардың жетістіктері қаншалықты бағаланады?

– Спорт басшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлердің еңбегін назарынан тыс қалдырмауға тырысады. Маған да: «Астанадан алтын жүлдемен оралсаң, арманыңдағы көлігіңді мінгіземіз» деп сөз берген. Бұйыртса, Бішкекте темір тұлпарым күтіп тұр деген үміттемін (күліп).

Әңгімелескен – М. Асылбек



ең көп оқылғандар

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы
Асыл дініміз адастырмайды
01.05.2022 122 рет қаралған
Рахим Бобохонов
Дәстүрлі дінді уағыздайтын орындар көбейсе, радикалды ағымдардың құрамына кіретін жастар азаяды
26.04.2022 161 рет қаралған

Намаз уақыты

Астана
  • Астана
  • Алматы
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Арқалық
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Шымкент

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: