«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Интервью Дәстүрлі дінді уағыздайтын орындар көбейсе, радикалды ағымдардың құрамына кіретін жастар азаяды

Дәстүрлі дінді уағыздайтын орындар көбейсе, радикалды ағымдардың құрамына кіретін жастар азаяды

АСТАНА. 26 сәуір. E-ISLAM.KZ - Ресей ғылым академиясы Африка институтының Өркениеттік және аймақтық зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, дінтанушы-ғалым, ноғай, тәжік, ауған, иран, белуджа ұлттарының этнографиясы мен тарихын және ислам мәселелерін арқау еткен 150-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы  Бобохонов Рахим Сархадбекұлымен сұқбат


- Орталық Азияның діни тарихын зерттеушісіз ғой. Айтыңызшы, радикалды ағымдар бізге қай жылдары келе бастады? Қай тұстан жеңілдік? Енді олқылықты қалай түзеу керек?

Айтайын. Бұл 90-шы жылдардың кезінде болды. Дәл осы жылдары Исламның орта Азияда қайта өркендеуі басталды, сондай-ақ, ислам саясилана бастады десек болады. Исламды саясиландырған негізінен радикалды ағымдар еді. Бұл процесске тоқтам жасауға болар еді. Бірақ, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы ол уақытта әлі аяқтан нық тұрып үлгерген жоқ болатын. Өзі жақында ғана, Орталық азия Муфтиятынан бөлініп, жеке ұйым ретінде құрылып жатқан еді. Осындай тым жас құрылым, болып жатқан оқиғаларға белсене араласа алмады. Радикалды ағымдар осы сәтті мейлінше пайдаланған болатын. Соның салдарынан 10-15 жылдың көлемінде өздерін қолдайтындардың санын көбейтті. Бұлар салафиттік топтар мен хизбут Тахрир ағымдары еді. Радикалды ағымдардың барлығының көксейтіні бір ғана дүние. Ол билік басына келу. Бұл мұратқа жеткізетін қандай тәсілдер бар, соның барлығына сүйенуге әзір бұл топтар. Міне, қазір жағдай біршама түзеліп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл сөзіме мынадай үлкен әрі салтанатты мешіт дәлел бола алады. Мүфтиятқа үлкен құлшылық үйін мемлекеттің соғып беруі, мұсылмандар ұйымының беделін көрсетсе керек. Иә, қазір Мүфтият пен мемлекет тарапынан құрылған Дін істері агенттігінің барлық жағдайды бақылауына алғаны байқалады. Мемлекеттің болысуының арқасында, діни басқарма дәстүрлі, ағартушы Исламды насихаттап жатыр.  Имамдарымыз діннің дұрысын насихаттау арқылы, бұзық ағымдарға кететіндердің санын жүздеген есеге қысқартып жатыр, деп білем. Жастар мынадай көркем мешітке келгенде имамдардың дәстүрлі, дұрыс уағызын тыңдайды. Осының арқасында ненің не екенін біле алады. Ары қарай не істеу керек, қалай өмір сүру қажеттігін түсініп кететін болады осы жерден.

- Мүфтияттың күш алуы ең бірінші имам-молдаларға байланысты. Қазіргі заман имамға қандай талаптар қойып отыр?

- Меніңше, дін қызметкерінің ендігі міндеті тек уағыз айтып, насихат жасаумен шектелмейді. Молда-имам психолог болуы керек. Әр адаммен жеке-жеке сөйлесіп, мәселеден шыға алатын жол көрсете алатындай болуы керек. Нақты айтсақ, жастармен жұмыс істей алуы керек. Қазіргі көп жас жұмыссыз. Міне, радикалды ағымдар осы топқа үйірсек. Мәселен бір жігіт өмірдегі өз орнын таба алмай жүр дейік. Себебі жоғарғы оқу орнына түсе алмаған. Соның салдарынан лауазымды қызметке тұра алмайды. Ақша жетпейді. Осы кезде, ниеті бұзық ағымдар әлгі жас жігітке келіп, ақшалай көмек беруі мүмкін. Көмектесіп, болысуы мүмкін. Сүйеп жібергенге мәз болған жас, ештемеге қарамай әлгілердің тобына қосылып кетеді. Осыдан кейін, ол ешуақытта ол ағымнан шыға алмайды. Мұндай мәселені шешудің бір жолы бар. Ол мемлекет дәстүрлі Исламды насихаттаушы мүфтиятқа көмектесуі керек. Жұма намаз уақыты жамағатты дәстүрлі дінге ұйытуға пайдаланылмағы абзал. Мәселенки, жастардың жұма намазына қатысуын алайық. Бұл қалыпты құбылыс болуы керек. Егер дәстүрлі дінді уағыздайтын мешітке жастар көптеп келе бастаса, тиісінше радикалды ағымдардың құжырасына, жасырын жиындарына баратын жастар азаяды деген сөз. Иә, құпия түрде жиналып, жасырынып жүретін ағымдар, жаңа келген адамды алдап-арбап, санасын өзгертіп, мемлекетке, оның басшысына қарсы етіп қоюы мүмкін. Қысқасы, мүфтиятқа болысу арқылы, мемлекет тұрақтылыққа, тыныштыққа қол жеткізеді деп білем.

Сұқбаттасқан Нұрбек Бекбау, арнайы "E-islam" үшін.


ең көп оқылғандар

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы
Дінім – ислам, өзім – қазақпын 
13.05.2022 246 рет қаралған
Асыл дініміз адастырмайды
01.05.2022 121 рет қаралған

Намаз уақыты

Астана
  • Астана
  • Алматы
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Арқалық
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Шымкент

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: