Марин Ле Пен: Мен барлық салафиттік мешіттерді жаптырамын

Сәрсенбі, 29.03.2022

Астана. 29 наурыз. E-ISLAM – Француз ұлтшылдары көшбасшысы және республика президенттігіне үміткер Марин Ле Пен кезекті рет даулы мәлімдеме жасады.

«Parisien» басылымына берген сұхбатында Марин Ле Пен өзінің экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағытындағы негізгі міндеттерін баяндап, Франциядағы босқындарды "fiche S" (мемлекетке төнген қауіп) ретінде атап өтті. Еске сала кетсек, Францияда 2015 жылдың қараша айындағы терактіден бері төтенше жағдай енгізілген.

«Мен ислами фундаментализмге қарсы күрес жүргіземін. Ол үшін салафиттік мешіттерді жапқызамын және Франция ислам кеңесі арқылы тыйым салдырамын» деп уәде етті ел президенттігіне үміткер Пен.

Өткен аптаның соңында Марин Ле Пен Ресей Федерациясына сапармен келіп, Владимир Путинмен кездесті. Француз саясаткері екі ел арасында терроризмге қарсы күресті тиімді жүргізу мақсатында барлау деректерін алмасуды ұйымдастыру керектігін жеткізді.

Оқылды 440 рет
JoomShaper
Top