Нұрлан Ермекбаев: Жастар санасы үшін күрес жүріп жатыр

Дүйсенбі, 19.12.2021

Астана. 19 желтоқсан. E-ISLAM – Қазақстан жастары әртүрлі бұқаралық ақпарат көздерінің ықпалына ұшырап келеді, қазір олардың ақыл-санасы үшін күрес жүруде, деп санайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

«Біз ақпараттар ғасыры мен олардың нәтижесін көретін, ғылым саласынан бастап, технология, діни мәселелерді қамтитын кезеңді бастан кешіріп келеміз. Ертеректе діни таным-түсініктерді халық дәстүрлі дін өкілдерінен, яғни имамдардан алса, қазіргі уақытта жастар үшін діни білімді алу кеңістігі ұлғайды. Жастарымыздың ой-санасы үшін күрес жүруде. Жастар барлық тараптан әртүрлі күштердің ықпалына түседі. Сол себепті олардың отбасында, мектепте дұрыс білім берілуін қадағалау керек. Біздің зайырлы мемлекетте өмір сүретініміз түсіндірілуі тиіс» деді министр Ктк телеарнасына берген сұхбатында.

Министр сондай-ақ өз сөзінде Қазақстан жастарының болашақты бағдарлауда ақыл-санасы сергек екенін де атап өтті.

«Әлеуметтік зерттеу жұмыстары көрсеткендей, біздің жастарымызды мазалайтын мәселелер қатарында ең алдымен – жұмыспен қамтылу мәселесі тұр. Екінші орында – баспана, үшінші – денсаулық сақтау, жоғары білім алу мүмкіндіктері. Жалпы алғанда, жастар ортасындағы бағалауға болатын, қажетті де қалыпты сұраныстар» деді министр Н.Ермекбаев.

Еске сала кетсек, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2016 жылғы 13 қыркүйектегі Президент жарлығымен құрылды. Жаңа ведомствоға мынадай уәкілеттілік пен міндеттер берілді: діни бірлестіктермен ынтымақтастық қатынас, азаматтардың діни сенім еркіндігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың байланысын арттыру – Мәдениет және спорт министрлігінен бастап, ал жастар саясаты саласы – Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жүргізілуі тиіс.

Оқылды 460 рет
JoomShaper
Top