Министр дін қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)

Дүйсенбі, 19.12.2021

Астана. 19 желтоқсан. E-ISLAM – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай ел дамуы мен руханиятына үлес қосқан дін қызметкерлері атаулы марапатқа ие болды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде бірқатар діни бірлестік жетекшілері мен өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.  Салтанатты шарада министр Нұрлан Ермекбаев пен вице-министр Берік Арын ведомства қызметкерлері мен діни ұйым басшыларын «Құрмет» орденімен, мерекелік медальдармен және алғыс хаттарымен марапаттады.

Атап айтсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев ҚР Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, Дін істері комитеті төрағасы Ғалым Шойкин, төраға орынбасарлары  Ғабит Абзалбек, Бақытжан Күлекеев, Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теолог Балғабек Мырзаев дін саласындағы мемлекеттік саясатты нәтижелі атқарғаны үшін мерекелік медальдарға ие болды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаровқа, ҚМДБ Кадр бөлімінің меңгерушісі Байұзақ Бекмұратовқа, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орынға, ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау және қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевке, ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаевқа, «Иман» журналының редакторы Оңғар Өмірбекке, ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевқа және ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлына берілді.


Оқылды 438 рет
JoomShaper
Top