ДАИШ басшысы әйел кейпінде қашпақ болды

Сейсенбі, 27.09.2021
ДАИШ басшысы әйел кейпінде қашпақ болды

Астана. 27 қыркүйек. E-ISLAM – Ирактың солтүстігінде ДАИШ террористік ұйымының дала командирлерінің бірі ұсталды.

Абу Омар аль-Ассафи есімді лаңкестік ұйым басшыларының бірі Шергат қаласындағы өз тобына Ирак әскері жасаған жойқын соққыдан кейін әйелдер киімін киіп, босқындар легімен қаладан қашып шықпақ болған.

Содыр шығыс мұсылмандарына тән қызыл буркамен бүркемеленіп, өтіп кетуге әрекеттенгенімен қауіпсіздік қызметкерлерінің күдігін тудырған. Дереу қамауға алынған лаңкестің қалтасынан террористік топ мүшелерінің шынайы аты-жөн деректері, мекенжайлары жазылған флешка табылған. Бұдан бөлек, бұл құрылғыда бейбіт тұрғындар үйін Ирак әскерінің әрекеті нәтижесі секілді көрсету үшін жасырын бомбалар қою туралы нұсқаулық жазбасы та бар болып шықты.

Оқылды 1294 рет
JoomShaper
Top