Путин: Шынайы ислам – бейбітшілік діні

Дүйсенбі, 29.08.2021

Астана. 29 тамыз. E-ISLAM – Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан астанасында өткен халықаралық ислам конференциясында ислам діні жайында пікірімен бөлісті. Бұл жайында Шешенстан президенті баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей президенті конференция көтерген тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

«Сіздердің барлықтарыңызды маңызды мәселелерді шешу жолында ынтымақтастық біріктіріп отыр. Шынайы исламды – бейбітшілік пен жасампаздық дінін дін атын жамылған идеологиялардан тазарту, зорлық-зомбылық пен терроризмнен ажырату үшін жиылдыңыздар. Ресей мұсылмандары қауымында экстремизм мен терроризмге қарсы нақты ұстанымы бекіген. Шынайы ислам дінін насихаттауда белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл ретте Ресейдің тәжірибесі мол және өзге елдерге пайдасын тигізеді» делінген РФ президенті мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, Грозный қаласында өткен Халықаралық ислам конференциясына әлемнің 30 мемлекетінің ислам ғұламалары мен дін қайраткерлері қатысты. 

Оқылды 343 рет
JoomShaper
Top