ҰҚК: Алматы облысында ұсталғандар - салафиттер

Дүйсенбі, 29.08.2021

Астана. 29 тамыз. E-ISLAM – Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов Алматы облысында теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен ұсталғандардың «салафиттік топтың өкілдері» екенін мәлімдеді, деп жазады Азаттық Радиосы.

Астанада өткен конференцияда жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берген ол «Ұсталған төрт күдіктінің бірі - Қырғызстан азаматы. Оларға «террористік ұйым қызметіне араласу» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауда отыр, тергеу жүріп жатыр. Олар - салафиттік идеологиялық ағымды ұстанғандар» деді.

22 тамыз күні ҰҚК 18 тамызда Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияда «теракт жасауды жоспарлады» деген күдікпен төрт адам ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан азаматы барын хабарлаған болатын.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, радикалдық топтың сезікті мүшелерін ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында өткен. ҰҚК күдіктілер тұрып жатқан жерден «жарылғыш құрылғы жасауға арналған заттар» табылып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Оқылды 1088 рет
JoomShaper
Top