Бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы шешім қаңтарда қабылданады

Сәрсенбі, 13.01.2022

Астана. 13 қаңтар. E-ISLAM – Қазақстандағы білім мекемелерінің оқушыларына бірыңғай киім үлгісін енгізу туралы шешім қаңтар айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады КазТАГ.

«Біз қазір бірыңғай форма туралы ережені әзірлеудеміз. Менің ойымша, қаңтар айында бекітілуі керек. Бұл біздің ведомстваның стандартын сақтайтын барлық жалпы білім беруші мекемелеріне қатысты. Егер, діни оқу орны болса, мәселен, медреселерде басқа, өздеріне қажетті шарттар болады»  деді Т.Балықбаев.

Вице-министр Парламент қабылдаған «Білім саласындағы кемсітушілікпен күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы мектеп оқушыларының хижаб немесе өзге де діни киіммен келуіне жол бермейтінін атап өтті.

«Ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Тек Заңның 5-бабында елімізде ата-аналар мен балаларына өз діни сенімі аясында тәрбиелеуіне жағдай жасайтыны айтылады. Бірақ бұл білім мекемелерінің қызметіне қайшы немесе қарсы келмейді. Мектепте діни мазмұндағы киім киюге рұқсат жоқ» деді ол.

Такир Балықбаев осындай конвенция 1960 жылы Парижде қабылданып, 1962 жылы Кеңес үкіметінде мақұлданғанын жеткізді. Кеңес үкіметі тарауы себепті посткеңестік елдер аталмыш конвенцияға өздігінен қосыла бастады.

«Конвенцияның негізгі мақсаты білім саласындағы барлық кемсітушілікке тосқауыл қою, сондай-ақ міндеттемелерді, бастауыш білім алу мен қолжетімділікті жариялау болып табылады» деді Т.Балықбаев комитет отырысында. Оның айтуынша, конвенцияның тиісті нормалары бүгінгі қазақстандық заңманада жүзеге асып келеді.

«Конвенцияның 5 бабына сәйкс, мемлекет балалардың діни және моральдық тәрбиесін ата-аналары мен қамқорлыққа алған адамдар арқылы қамтамасыз етудің барлық қажетті шараларын қабылдауға міндеттеме алады. Конвенцияның нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамалары нормасына, дін туралы заңына қайшы келмейді. Себебі, ата-аналар өз сенімдеріне сәйкес балаларына тәрбие береді» деді вице-министр.

«Сонымен қатар, Заң жобасының әлеуметтік және құқықтық оң сипаттарына адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету, ұлтына, нәсіліне, тілі мен дініне, саяси және өзге де көзқарастарына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан барлығына білім алу мүмкіндігін беруін айтуымызға болады. Осылайша, Заң жобасын қабылдау білім саласындағы кемсітушілікке жол бермейді және конвенцияны ратификациялау әлеуметтік-экономикалық зиян әкелмейді әрі мемлекет бюджетін шығындамайды» деген Т.Балықбаев Қазақстанда Конституцияға сәйкес, орта білім беру тегін екенін еске салды. 

Оқылды 422 рет
JoomShaper
Top