Мүминнің өлімі қалай болады?

Бейсенбі, 16.06.2021

Мүммин құлдың жан тапсыру сәті қалай болады?

Мүм’мин құлдың өлім уақыты келген кезде Әзірейіл періште жанына жүздері күндей жарқыраған аспан періштелермен бірге түседі. Ол періштелердің қасында жәннат кебіні мен жәннат иісі болады. Періштелер кебінді көз жеткен жерге дейін жаяды. Сосын өлім періштесі келіп құлдың бас жағына отырады да былай дейді:

«Ей, таза және асқақ рух! Алла Тағаланың кешірімі мен разылығына қарай шық!».

Рух құмырадан ағып шыққан судай сусып тәннен шығады. Өлім періштесі оны алып, көк періштелеріне тапсырады. Олар да өздерімен ала келген кебінге хош иіспен қоса орайды. Ол рухтан миск секілді хош иіс аңқиды. Сосын әлгі рухпен періштелер көктің бірінші қабатына шығады. Көкте қақпаның ашылуын күтеді. Қақпа ашылып, ол жердегілер де: «Бұл не қылған хош иіс?», - деп сұрайды. Періштелер:

«Бұл Пәленшеұлы Түгеншенің рухы», - деп жауап береді. Осылайша жеті қат көктен өтіп, рух Алланың құзырына жеткізіледі. Осы жерде мү’миннің рухы өзі үшін дайындалған нығмет пен мақамды көреді. Содан соң Алла Тағала:

«Оны жер қойнауына тапсырыңдар. Өйткені, мен оларды топырақтан жараттым, топырақққа қайта тапсырамын. Әрі сол топырақтан қайта шығарамын», - дейді. Періштелер рухты алып, жерге қайта түседі.

Өлінің мәйіті жуылып, кебінделген кезде рух тән мен кебіннің арасына кіреді. Жанындағылардың сөйлеген сөздерінің бәрін естіп жатады. Бірақ, сөйлеуіне рұқсат берілмейді. Мейіт көтеріліп, қабірге қарай үш қадам ілгері жүрген сәтте адам мен жыннан басқа барша мақұлық еститін ащы бір дауыспен былай дейді:

«Ей, бауырларым, достарым, балаларым! Дүниеге көңілдерің аумасын! Дүние мені алдағаны секілді сендерді де алдамасын. Менің бұл халімнен ғибрат алыңдар! Өйткені, мен бар дүниемді соңымдағы мирасқорларма тастадым. Бірақ күнәларымды мойнына алған ешбірі жоқ».

Имам Суюти, Дурару-Хисан фил-бас уәл-жинән

Тәржімалаған Салтан САЙРАН

Оқылды 368 рет
JoomShaper
Top