Діни білім беру саласын жетілдіруге арналған конференция өтті (ФОТО)

Бейсенбі, 02.06.2022

Бүгін Алматыда «Ислами білім беру орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселелеріне қатысты халықаралық деңгейдегі ғалымдар тың пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды.

 «Біз санаулы жылдарда еліміздің діни саласындағы жұмыстарға жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа бастамаларды жүзеге асырып келеміз. Сол жұмыстардың бір бағыты – діни білім беру саласы. Бүгінгі таңда Діни басқарма мешіттерінде 545 жоғары білімді, 797 орта арнаулы білімді мамандар қызмет етуде. Діни басқарма 2020 жылға дейінгі діни білім саласын дамытуға арналған Тұжырымдама қабылдады. Тұжырымдаманың мақсаты – мешіт-медреселерімізді білімді де білікті кадрлармен тиісінше қамтамасыз ету, дін мамандарының әлеуетін жаңа деңгейге көтеру, діни білім саласын жақсарту», – деді  бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 15 жылдық мерейтойына орай, діни білім беру саласын жетілдіруге арналған конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төраға орынбасарлары Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, ЕАР Уақыфтар министрі профессор  Мұхаммад Мұхтар Жұма, Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Саясат Нұрбек, сондай-ақ еліміздің және шетелдік мәртебелі ғалымдар мен қонақтар қатысты.


 

 

 

Оқылды 90 рет
JoomShaper
Top