Экстремизммен тиімді күрес мәселелері талқыланды (ФОТО)

Бейсенбі, 02.06.2022

Астана. 2 маусым. E-ISLAM – Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Исламдық руханилық пен рационалдық және этномәдени дәстүрлер – діни экстремизмге қарсы іс-қимыл факторы ретінде» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.

Айтулы жиында ислам өркениетінің тарихи мұралары мен рухани құндылықтарының діни экстремизмге қарсы күрестегі рөлі мен күш-қуаты, сондай-ақ, этномәдени дәстүрлер мен мәдениетаралық диалогтың экстремистік идеологияның алдын алудағы рухани әлеуеті талқыланды.

Конференция жұмысына отандық және ирандық дін ғалымдары қатысты.

Конференция қорытынды бойынша қатысушылар баяндамаларының жинағы жарық көрді.

Аталмыш мақалалар жинағы 2015 жылы дін саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту және қолдау мақсатында бекітілген «Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану зерттеулері» сериясы аясында әрі діндерді зерттеудің өзекті мәселелеріне студенттер мен магистранттарды тарту мақсатында жарық көрді.

«Дінтану зерттеулері» сериясы аясында бүгінгі күнге дейін бес кітап жарияланған.

Конференция жұмысы мына бағыттарда өткізілді:

- ислам өркениетінің тарихи мұралары мен рухани құндылықтарының діни экстремизмге қарсы күрестегі тиімділігі;

- дін, этномәдени дәстүрлер мен мәдениетаралық диалог экстремистік идеологияның таралуының алдын алушы рухани негіз ретінде.


Оқылды 93 рет
JoomShaper
Top