Қадыров мас жүргізушілердің жаназасын шығаруға тыйым салды

Сейсенбі, 06.12.2021

Астана. 6 желтоқсан. E-ISLAM – Шешенстан президенті Рамзан Қадыров республика көлемінде ішімдік ішіп жол апатын жасаған көлік жүргізушілерінің жаназасын шығаруға тыйым салды. Республика президенті бұған дейін мас күйде көлік айдаған адамдарды террористерге теңеген еді.

«Жүргізуші ішімдік ішіп, сол күйінде көлікке мініп, жол апатын жасап, қаза болса оның жаназасын шығаруға имамдар араласпауы керек. Қоғам оның бұл қылмысты біліп тұрып жасағанын түсінуі керек. Террористік актіден айырмашылығы жоқ. Адамдардың өміріне қауіп төндірді» деді Қадыров.

Ал жуырда Шешенстанда алкоголді өнім саудасымен айнаысатын кәсіпкерлер лицензияларын өткізген. Сауда орындары қожайындары Шешенстан парламенті басшысы Магомед Даудовпен кездесуден кейін ішімдік сатудан бас тартқан. Бұл шешімге таяуда ғана мас жүргізушінің кінәсінен жеті бірдей адамның өмірін қиған жол-көлік уақиғасы тікелей себеп болған көрінеді.

Оқылды 426 рет
JoomShaper
Top