Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының басшыларын оқыту семинары өтуде

Жұма, 12 Маусым 2015 04:56

Астана. 12 маусым. E-islam.kz Астана қаласындағы "Думан" қонақ үйінде ҚР МСМ Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының басшыларын оқыту семинары басталды.

Семинарға ҚР МСМ Дін істері комитеті Төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР МСМ Дін істері комитеті Төраға орынбасары Ғабит Абзалбек, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқау академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ә.ғ.д. Айгүл Сәдуақасова және жергілікті Дін істері департтаменттерінің, Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының басшылары қатысуда.

ҚР МСМ Дін істері комитеті Төрағасы Ғалым Шойкин алғы сөз сөйлеп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің табыспен аяқталғынын жеткізе отырып, Съез шеңберінде қарастырылған мәселелерді Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық топтарының жергілікті орындарда насихаттаудың өзектілігін айта келіп, семинардың мән маңызына тоқталды.  

Бағдарлама аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқау академиясынан Ғылыми-зерттеу интитутының сектор меңгерушісі, псих.ғ.д., профессор Лейла Асылбекова, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ә.ғ.д. Айгүл Сәдуақасова, «Әлеуметтік басқару технологиялары» кафедрасының профессоры Елтай Шаханов қатарлы білікті мамандар, ҚР МСМ Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, ф.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы, ҚР МСМ Дін мәселері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Тұрар Әбуов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, психолог Лола Шакимов, т.б дін мәселелерін зерттеп жүрген майталмандар баяндама жасайды деп күтілуде.

Аталмыш семинар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің табыспен аяқталуына орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып өткізуде.

Оразбек САПАРХАН

 

Оқылды 228 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Маусым 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Аудио

JoomShaper