Түркия лаңкестің ұлтын анықтады

Бейсенбі, 05.01.2022

Астана. 5 қаңтар. E-ISLAM – Түркия билігі 1 қаңтарға қараған түні Стамбул орталығында атыс ұйымдастырған лаңкестің ұлты мен ықтимал орнын анықтады, деп хабарлады РБК.

Стамбул орталығында 39 адамның өмірін қиған лаңкестің ұлты ұйғыр болуы мүмкін. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы А Haber телеарнасының эфирінде түрік үкіметі басшысының орынбасары Вейси Кайнак мәлімдеген.

Оның айтуынша, билік лаңкестің болуы мүмкін орнын да анықтады. Нұсқалардың бірінде ол шекарадан тыс жерде жасырынуда, алайда қылмыскерді ұстауға Түркия тергеу әрекеті қатысатынын  жоққа шығармайды.

Сондай-ақ, лаңкес жалғыз өзі әрекет еткенін, алайда оның сыбайластары болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқылды 306 рет
JoomShaper
Top