Қазақстан азаматтары бұл сапарға виза талап етілмейтін елдер арқылы аттанған. Бұл жайында Атырау облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарма басшысы Ербол Оңғаров мәлімдеді, деп жазады «Казинформ».
«Құқыққорғау органы қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде өткен жылы радикалды топ мүшелеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. Дәстүрлі емес ағым ұстанушыларына қатысты жалпы саны 10 қылмыстық іс көтерілді. Олардан 476 дана баспа өнімдері тәркіленді» деп атап өтті Е.Оңғаров.
Департамент басшысының айтуынша, облыс аумағынан діни білім алу мақсатында 129 азамат шетелге кеткен. Оның 94-і Қазақстанға оралды, 35-і білімін жалғастыруда.