Намазxаналардың жабылу себебі мәлім болды

Дүйсенбі, 05.12.2021

Астана. 5 желтоқсан. E-ISLAM – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын ел аумағындағы намазханалардың жабылу себебін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Вице-министрдің айтуынша, үш жыл бұрын қабылданған ережеге сәйкес, намазxаналар мемлекеттік органдардан үш жүз метр шалғай жерде орналасуы тиіс. Алайда болашақта аталған ережеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Бұл ереже 2013 жылы қабылданған болатын. Ол кезде Дін істері агенттігі болған. Сол ережеге сәйкес, құқық қорғау, әскери және тағы басқа мемлекеттік органдардың 300 метрлік радиусында сондай діни орындар (намазxаналар) орналаспауы керек. Енді, уақыт өзгеріп жатыр ғой. Мысалы, кейбір жерлерде ол орналасқаннан кейін онда басқа бір мекемелер ашылып жатыр. Мысалы, осыған байланысты Астана қалалық дін істері басқармасы тексеріс жүргізіп, сол нормалардың орындалуын қадағалап отырады» деді Б.Арын.

Вице-министр сондай-ақ әлеуметтік желілерде xалықтың намазxаналардың жабылуына қатысты алаңдаушылығынан хабардар екенін жеткізді. «Біз осы мәселеге қатысты барлық ұсыныстарды қарап жатырмыз. Болашақта ережелерге өзгерістер енгізілген кезде сол ұсыныстардың барлығын қараймыз. Дәл қазір тек сол ережеге сәйкес келмейтін намазxаналар ғана жабылды. Дегенмен, әрбір факті бойынша тексеріс жүргізіледі» деп атап көрсетті вице-министр.

Айта кетсек, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіруге арналған баспасөз мәслиxатында Берік Арын деструктивті ағым өкілдерінің имамдармен дауласып, мешітке келушілерді қорқытып жатқанын жеткізді. Бұл жағдайда вице-министр дереу полицияға xабарласуға кеңес берді. Себебі мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Оқылды 286 рет
JoomShaper
Top