Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жаңа заң жобасын ұсынады (ВИДЕО)

Дүйсенбі, 05.12.2021

Келер жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жаңа заң жобасын ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты министрлік өкілі мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Осы орайда мамандар «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңын қатаңдатуды көздеп отыр. Дін істері комитетінің өкілі Бақытжан Күлекеевтің айтуынша, қолданыстағы заң жобасы 2011 жылы қабылданған. Осыған сәйкес, ресми тіркеуден өткен бірлестіктерге ғана діни қызметпен айналысуға рұқсат беріледі. Ал заңсыз насихат жүргізгендер жауапқа тартылады. Статистикаға сүйенсек, елімізде 18 ағым бойынша 3 мыңнан астам ұйым тіркелген.

 

Бақытжан Күлекеев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:

– Келер жылы заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Қандай өзгерістер мен толықтыру енгізілетіні әлі нақты емес. Өйткені қазір заң жобасы қаралып жатыр. 

 

Оқылды 551 рет
JoomShaper
Top