Діни басқарма лаңкестерді түрмеде оқшаулауды ұсынды

Жұма, 02.12.2021

Астана. 2 желтоқсан. E-ISLAM – Экстремизм мен терроризм бойынша сотталған азаматтарды өзгелерден оқшаулап қамау керек. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Түзеу колонияларында террористік және экстремистік идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған жиында мәлімдеді.

«Экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталғандар түрмеде жазасын өтеуші өзге азаматтардан бөлек, оқшаулануы керек деп санаймын. Естеріңізде болса, кезінде саяси тұтқындарды да түрмеде бөлек ұстаған. Бұл жағдайда да осыны қолданған жөн. Себебі, экстремизм мен терроризм - идеология» деді ҚМДБ төрағасы.

Айта кетсек, қазіргі уақытта республикадағы түрме колонияларында 400-ден аса азамат діни экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеуде. Өткен жылы діни басқарма жанынан осы бап бойынша сотталған азаматтармен жұмыс істейтін арнайы бөлім ашылып, осы мақсатта әр өңірде діни диалог, насихат жүргізетін өкілдер тағайындалды.

Оқылды 437 рет
JoomShaper
Top