«Дін және тарих тағылымы жылы» не берді?

Дүйсенбі, 05.12.2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ағымдағы жыл елімізде «Дін және тарих тағылымы жылы»  болып жарияланды.

Осы жыл аясында бүгінге дейін елімізде асыл дініміз ислам мен ұлтымыздың тарихын терең зерделеу, зерттеу мақсатында қыруар шаралар атқарылды. Әсіресе дініміздің ұлт тарихымен сабақтастығын, тарихи оқиғалардың тамырластығы терең зерттелді.

Сонымен қатар асыл дініміз үшін күрескен, ғибратты ғұмырын Алла жолындағы іске арнаған, халыққа имандылық шуағын сепкен діни қайраткерлердің өмірі туралы да тың деректер жинақталды.

 Мұрағаттармен жұмыс жасау және  ізденістердің нәтижесінде елімізде бұрынғы ғасырларда болған мешіттер мен медреселердің тарихынан да құнды деректер табылды.

 Жыл аясында облыстық, аудандық  мешіттердің имамдары мен молдалары тарихи өлкетану мұражайына барып, ондағы бағалы жәдігерлермен танысты.

Ұлтымыздың тарихына қатысты өңірде бірқатар рухани-танымдық шаралар атқарылды. Осы жыл аясында бірнеше мәрте, семинар, конференция, дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Әсіресе жас буынның бойына отаншылдық, адамгершілік сезімдерді дарытуда тың бастамалармен нәтижелі шаралар тындырылды.

 Жас ұрпақты иманды, отаншыл етіп тәрбиелеудің маңызы аса зор.

Ол үшін аға буынды жас ұрпаққа үлгі ету арқылы олардың бойларына адамгершіліктің асыл құндылықтарын сіңіруге болады.

Осы бағытта елімізде алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен «Өскемен өңірі бойынша қариялардың I форумының» өтуі осы жылдағы тағылымды шаралардың бірі болды.

 Мұнда зайырлы қоғамдағы ақсақалдар институының ролі елімізге танымал ғалымдардың бас қосуымен жан-жақты талқыланды.

Жиында ақсалдар бас қосып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, бабаларымыздың даңқты өмір жолын жастарға үлгі ететін келелі кеңестерін ортаға салыды.

 Ақсақалдар салт-санамызды дәріптеу, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оны дініміздің асыл құндылық, қағидаларымен ұштастыру арқылы салауататты ұрпақ қалыптастырудың тиімділігі жайлы бастамаларын айтылды.

«Дін мен тарих тағылы жылында» осылайша ел тыныштығы мен бейбітшілігі, ұлтымыздың бірлігі мен татулығын бекемдеу жолында беркелі шаралар атқарылды. 

Айдын Жортымов

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

«Ұранхай қажы»мешітінің бас имамы

Оқылды 110 рет
JoomShaper
Top