«Қазақстанда бір ислам университеті мен тоғыз медресе жұмыс істейді»

Сәрсенбі, 01.07.2021

Астана. 1 шілде. E-ISLAM – «Теологиялық білімді тек шетелден емес, отандық діни оқу орындарында алған маңызды». Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сұхбатында мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде сапалы діни білім беруде отандық білім ордаларының да  өз мүмкіндіктері жоғары.

Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстанда бір ислам университеті мен тоғыз медресе, бұдан өзге православие мен католиктік діни семинариялар жұмыс істейді. 1993 жылдың өзінде Президент бастамасымен  Алматыда «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Бүгінде аталмыш білім ошағы қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады.  Осы оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған.

- Сонымен қатар, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде алты жоғары оқу орнында – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ мен «Нұр Мүбәрак» университетінде және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде  дінтану мамандары даярланады. Аталған жоғары оқу орындарында мемлекеттің тапсырмасымен 800 студент – болашақ дінтанушылар мен исламтанушылар білім алуда.  Осы орайда, біз ата-аналардан тағы да балаларының шетелдің қандай діни орталықтарында білім алып жатқанын қадағалауды өтініп сұрар едік. Себебі, мұның жастар мен тұтас Қазақстан қоғамының рухани қауіпсіздігіне ықпал ететін мәселе екенін атап көрсеткім келеді, ­-дейді Ғалым Нұрмағамбетұлы. 

Оқылды 236 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Тамыд 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Аудио

JoomShaper