Сарапшы: Еуропалықтар үрей үстінде өмір сүруге мәжбүр

Жұма, 06.01.2022

Астана. 6 қаңтар. E-ISLAM – Еуропа елдері азаматтары күн сайын теракті қауіп-қатері үрейімен өмір сүруге мәжбүр болып келеді. Бұл туралы Чехия үкіметінің арнайы жасақ ісі бойынша экс-министрі, қазіргі Ресейдегі елші Ярослов Башта мәлімдеді.

«Террористер тұрғындардың өмір сүру қалыбын өзгертуге, күнделікті тұрмыс-тіршілігін қауіп-қатер салдарынан басқа арнаға бұруға мәжбүрлеп келеді. Өткен жаңа жылдық мерекеден кейін туристердің теракті орын алған Париж, Берлин немесе Брюссель қалаларынан гөрі шығысеуропалық астаналарды, мәселен Праганы таңдауы жиі байқалады» деп атап өтті Башта.

Сарапшының пайымдауынша, қазіргі уақытта Еуропа елдері күнделікті өмірде террористік қауіп-қатерге дайындықсыз жағдайда өмір сүруде.

Оқылды 206 рет
JoomShaper
Top