Гүлен Ресей елшісінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Жұма, 23.12.2021

Астана. 23 желтоқсан. E-ISLAM – Түркия билігіне оппозициялық көзқарастағы дін қайраткері Фетхуллах Гүлен Ресей елшісінің Анкарадағы қазасына байланысты мәлімдеме жасады.

Гүлен Андрей Карловқа жасалған қастандық шабуылына және оны ұйымдастыруға ешбір қатысы жоқтығын хабарлады. Сондай-ақ, Түркия билігінің маусым айында орын алған мемлекеттік төңкерістен кейін ішкі қауіпсіздік мәселесіне қатаң көңіл бөле алмағаны үшін айыптады.

Еске сала кетсек, Түркия президенті Режеп Ердоған Анкара көрмесінде Ресей елшісіне оқ атқан террористің Гүленшілер ұйымына қатыстылығын мәлімдеген еді. Ресми Анкара Түркия билігін әскери төңкеріспен басып алу әрекетіне дәл осы Фетхуллах Гүлен мен оның жақтастары ұйымдастырды деген айып тағып отыр.

«Біз қашанда терроризм әрекеттерін айыптаймыз және осыған байланысты Ресей елшісіне қарсы жасалған террористік актіні де қатаң айыптаймын. Бұл қандықол қылмыскер президент күзетінде бірнеше рет жұмыс істеген. Бұл жайында ақпарат құралдары хабарлаған да еді. Ал лаңкестің өзі «ан-Нусра» террористік тобынан екенін айтқан. Оның бізге қатысы жоқ, бұрынғы кезде де, дәл қазіргі сәтте де» деп мәлімдеді Ф.Гүлен.

Фетхуллах Гүлен Түркияның экстремизм мен терроризмге қарсы күресте және қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етпей отырғанын атап өтті. 

Оқылды 778 рет
JoomShaper
Top