Алматыда радикалды топ мүшелері ұсталды

Сейсенбі, 11.10.2021

Астана. 11 қазан. E-ISLAM – Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне қатысты террорлық акті жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады» делінген хабарламада.

Ұсталғандардан қолдан жасалған жарылғыш заттардың бөлшектері, детонаторлар, теракт жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар тәркіленді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалдың жолын кесті. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Оқылды 1634 рет
JoomShaper
Top