Әйелдер аудиториясымен экстремистік идеологияның алдын алу және радикалды идеология ықпалынан арашалау бағытында ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі, Астана қаласындағы «Хазірет Сұлтан» мешітінің сауат ашу курсының ұстазы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы, Өскемен қаласы Халифа Алтай мешітінің сауат ашу курсының ұстазы Қожахметова Талшын, Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп мешітінің сауат ашу курсының ұстазы Талқанбаева Қарлығаш, Тараз қаласындағы Хибатулла Тарази мешітінің сауат ашу курсының ұстазы Үсенова Зейнеп үздіксіз жұмыс жасауда.
Кеше Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық және Жұрын ауылдық округы әкімдіктерінің ғимараттарында дін мәселелері бойынша жекелеген кездесулер өткізіліп, дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған кездесулер барысында мектеп жасындағы қыз балаларға хижаб кигізбеу, зайырлы білім жүйесіне қарсы сыни көзқарас қалыптастырмау, екпеге қарсылық білдірмеу секілді өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, білікті мамандар еліміздегі дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен осы бағыттағы мемлекеттік саясат туралы айта келе, азаматтаршаларды дәстүрлі діни-танымдар негізінде жүруге шақырды.