«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Шәкәрім Құдайбердіұлы

1858 - 1931

  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  (1858-1931)  –  ақын,  жазушы,  философ,  тарихшы,композитор.  Абаймен  замандас  әрі  інісі,  әрі  ол  негізін  салған  реалистік  әдебиет  дәстүрлерін  алға  апарушы  ізбасары.  Өзі  өмір  сүрген  ортаның  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік  сыр-сипаттарын  керебілуде,  қоғам  мен  адам  табиғатындағы  кемшіліктерді  зерделеуде,  туған  халқына  түзу  жол  көрсетуде  Құдайбердіұлы  Абай  бағытын  ұстанды.  Шәкәрімнің  әкесі  Құдайберді  Құнанбайдың  Күнке  деген  бәйбішесінен  туған,  яғни  Абайдың  туған  ағасы.  Шәкәрім  бес  жасында  ауыл  молдасына  оқуға  беріледі  де  онда  жеті  жасына  дейін  оқиды.

  Жеті  жасында  өкеден  жетім  қалған  ол  бұдан  былайғы  кезде  Абайдың  тікелей  тәрбиесінде  болады.  Өскен  ортасының  аса  бай  дәстүрлері  мен  Абай  ағасының  төрбиесі  табиғатынан  зерек  Шәкәрімнің  жетімдік  көрмей  өсуіне  ғана  емес,  оның  таланты  ақын,  парасатты  ой  иесі  болуына  да  зор  ықпал  жасады.  Шәкәрімнің  өзі  кейінірек  былай  деп  жазады:  «Әкеміздің  бір  шешесінен  туған  Ибраһим  мырза,  қазақ  ішінде  Абай  деп  атайды,  сол  кісі  мұсылманша  Һәм  орысша  ғылымға  жүйрік  Һәм  алланың  берген  ақылы  да  бүл  қазақтан  белек  дана  кісі  еді,  ержеткен  соң  сол  кісіден  тағлым  алып,  әр  түрлі  кітаптарыноқып,  насихатынтыңдап,  азғанағылымның  сәулесін  сездім».  Кезінде  арнайы  оқу  орындарында  оқып  білім  алмаса  да,  ез  бетінше  ізденіп  және  Абай  ағасының  жетекшілігімен  жан  сарайын  байытқан  Құдайбердіұлы  заманында  қазақ  арасындағы  аса  білімдар  адамдардың  бірі  болды.  Араб,  парсы,  түрік,  орыс  тілдерін  жетік  білді.  Ол  адамдар  өмірін  жақсартуға  тырысқан  ғалымдарды  мысалға  келтіреді.  Олардың  кейбіреулері  адам  өмірі  жаратқан  иесін  танумен  түзеледі  десе,  кейбіреулері  үкімет  жойылса,  әркім  өз  бетімен  өмір  сүрсе  түзеледі  деді.  Ал,  біреулер  оку-біліммен,  халықты  ағартумен  адам  өмірі  түзеледі  деді.  Біреулері  бай,  кедейді  теңеумен  түзеледі  десе,  біреулері  тәрбиемен  түзеуге  болады  деді.  Өмірдің  өзі  —  тіршілік  таласы.  Сондықтан  адам  өмірін  жаратылыстың  өзі  солай  жаратқан,  бірін-бірі  жеп,  талап,  таласып  өмір  сүрмек  дегендер  де  болған.  Шәкәрімнің  өзі  бұл  идеялардың  ешқайсысы  адам  жаратылысын  өзгерте  алмайтынына  сенімді  болды.

 Туған  жері  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының  Абай    ауданындағы  Шыңғыстау  бөктерінде  1858  ж.  шілденің  11-де  дүниеге  келген.  Оның  әкесі  Құдайберді  Құнанбайдың  үлкен  бәйбішесі  Күнкеден  туған,  Абаймен  әкесі  бір,  шешесі  бөлек.  Шәкәрім  сонда  Абайға  немере  іні  болып  келеді.

  Шәкәрім  бес  жасында  оқуға  беріліп,  екі  жылдай  оқиды.  Құдайберді  отыз  жеті  жасында  дүниеден  өткенде,  атасы  Құнанбайдың  тәрбиесінде  болған  Шәкәрім  жетімдік  тауқыметін  тарта  қоймаған.  Өзінің  «Мұтылғанның  өмірі»  атты  ғұмырнамалық  өлеңінде  бес  жасында  ауыл  молдасынан  сабақ  ала  бастағанын  жазады.  Атасы  оның  көңіліне  қаяу  түсірмей,  бетінен  қақпай,  еркелетіп  өсіреді:  ол  жөнінде  ақынның  өзі:  «қажы  марқұм  мені  „жетім“  деп  аяп,  қысып  оқыта  алмай,  жетімді  сылтау  етіп,  ойыма  не  келсе,  соны  істеп  ғылымсыз  өстім»  деп  өкіне  еске  алады.  Алайда  ақылды  бала  өсе  келе  тез  ес  жиып,  жеті  жасынан  бастап  өлең  сөзге  бейімділігін  танытады.

  Оның  ерекше  зеректігін  аңғарған  Абай  Шәкәрімді  өз  қамқорлығына  алады,  «молда  сабағынан»  басқа  орысша  үйренеді.  Былайғы  өмірін  ғылым  білім  қуумен  қатар,  домбыра  тарту,  гармоньда  ойнау,  ән  салу,  саятшылық  құру,  сурет  салу,  т.б.  өнерлерге  арнайды.  Оның  өнеге  көрген  ортасы  Құнанбай  ауылының  зиялы  тобы,  ұлы  Абайдың  тағылымы  болды.  Ол  жас  Шәкәрімнің  азамат  және  ақын  ретінде  қалыптасуына  ерекше  әсер  етеді.  Абайдың  кеңесімен  әр  түрлі  кітаптар  оқуға  машықтанған  Шәкәрім  ақылы  кемелденіп,  ой  өрісі  тереңдеп  өседі.  Ақындық  өнерін  де  таныта  бастайды.    

http://kk.wikipedia.org


02 Қазан 2013
Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер.
0 пікір 244 рет қаралған
18 Қыркүйек 2013
«Шаранамен туып едің» деп басталатын шағын өлеңі шамасы осы кездерде жазылған. Өлең небары екі шумақ қана.
0 пікір 259 рет қаралған
18 Қыркүйек 2013
Әлем халықтары әдебиетінің тарихында философиялық лириканың даму жолында, түп иені танып-білу талпынысында әрқилы дүниетанымдық көзқарастар көрініс беріп жатты.
0 пікір 453 рет қаралған
18 Қыркүйек 2013
Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру - ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.
0 пікір 210 рет қаралған
14 Қыркүйек 2013
Шәкәрім адамзатқа ортақ күрделі тақы­рыптарды: Алла, адам, өмір, өлім, махаббат, қоғам мәселелерін өлеңмен өрнектейді.
0 пікір 342 рет қаралған
Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастары
21 Тамыз 2013
Ей достар! Осы иманды әр қашан айтып, салақ болмай жүру керек. Құранда неше жерде баһшт тақуалар үшін деген, тақуа деп сақтанғандарды айтады.
0 пікір 1269 рет қаралған
21 Тамыз 2013
Бұл ойым - басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған.
0 пікір 310 рет қаралған

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: