«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Қожа Ахмет Яссауи

1093 - 1166

Қожа  Ахмет  Йассауи  —  түркі  халықтарының,  соның  ішінде  қазақ  халқының,  байырғы  мәдениетінің  тарихында  айрықша  орыны  бар  ұлы  ақын,  пәлсапашы.

Қожа  Ахмет  Йассауи–1093  жылы  тулыған  түркістандық  ғұлама,  әулие.  Қожа  Ахмет  Йассауидің  арғы  тегі  қожалар  әулеті.  Әкесі  –  Исфиджабта  даңққа  бөленген  әулие,  Әзірет  Әлінің  ұрпағы  Шейх  Ибраһим.  Анасы  –  Мұса  шейхтың  қызы  Айша  (Қарашаш  ана).  Мұса  шейх  те  Исфиджабта  әулиелігімен  танылған.  Кейбір  деректерде  Қожа  Ахмет  Ясауидың  Ибраһим  атты  ұлы  мен  Гауhар  Хошназ  (Жауhар  Шахназ)  атты  қызының  болғандығы  айтылады.  Қожа  Ахмет  Ясауидың  ұрпағы  негізінен  осы  қызынан  тарайды.  9  ғасырда  Отырар,        Исфиджаб,  Баласағұн,  Ясы,  Сауран,  Сығанақ  Шаш,  Сүткент,  Жент,  Кудур,  Отлук,  Өзкент,  тағыда  басқа  Мауераннахр  қалаларында  ислам  діні  уағызшыларының  белсенді  әрекеттері  саяси  сипат  алған  болса,  10  ғасырдан  бастап  ислам  ілімі  жолындағы  тәлім-тәрбиелік  ордалар  –  медресе-теккелер  түбегейлі  орнығып,  исламдық-руханияттық  ахлақи  (моральдық)  ұстанымдар  қалыптаса  бастады.  Қожа  Ахмет  Йассауи  дүниеге  келмей  тұрып,  Исфиджабта  исламдық  фикһ  (құқық)  мектебі  ханафи  мазһабының  ондаған  өкілдері  өмір  сүрді.  Ясауи  ілімі  осы  саяси-әлеуметтік,  тарихи  шарттарға  байланысты  қалыптасты.  Қожа  Ахмет  Ясауи  ұстаздарының  көшбасшысы  –  Арыстан  баб.  Кашифи  “Рашахат-ул  айн-ил  хайат”  атты  еңбегінде  Қожа  Ахметтің  Арыстан  бабтың  шәкірті  болғандығы,  одан  заһир  және  батин  ілімдерінің  сыры  мен  мәнін  үйренгендігі,  оған  16  жылы  қызмет  еткендігі  туралы  мәлімет  береді.  Ясауидың  “Диуани  хикметінде”  де  Арыстан  баб  жиі  ауызға  алынады.  Қожа  Ахмет  Ясауидың  өмірі  мен  қызметі  туралы  Жазба  деректерде  (Хазини,  “Жауаһир-ул  Абра  Мин  Амуаж-ил  Биһар”)  оның  Юсуф  Хамаданидың  шәкірті  екендігін  көрсететін  деректер  болғанымен,  соңғы  зерттеулерде  оны  теріске  шығаратын  тұжырымдар  айтыла  бастады.  Қожа  Ахмет  Йассауидың  алғашқы  шәкірті  –  Арыстан  бабтың  ұлы  Мансұр  Ата,  екінші  шәкірті  –  Сайид  Ата  Хорезми,  үшінші  шәкірті  –Сүлеймен  Бақырғани.  Осылардың  ішіндегі  ең  көрнектісі  –  Бақырғани  (Хакім  Ата)  (Кашифи,  “Рашахат-ул  айн-ил  хайат”).  Тағы  бір  танымал  шәкірттерінің  бірі  Мұхаммед  Данышменди  сопы  Қожа  Ахмет  Ясауидың  “Мират-ул  Қулуб”  атты  мұрасын  хатқа  түсірді.  Сондай-ақ  Садр  Ата,  Бадр  Ата,  Қажы  Бекташ  Әулие,  Сары  Салтұқ,  Шейх  Лұқпан  Перенде  сияқты  тұлғалар  да  Қожа  Ахмет  Йассауидың  шәкірттері  саналады.  А.Беннигсон  Қожа  Ахмет  Ясауидың  Шопан  Ата  және  Зеңгі  Баба  атты  да  шәкірттерінің  болғандығын  айтады.  Ясауи  шәкірттері  жөнінде  Фуат  Көпрулу:  “Мутасаууфтардың  (сопылардың)  өмірбаяны  жайлы  еңбектерде  Ирак,  Хорасан  жәнеМауераннахр  сопыларынан  басқа  түркі  шейхтары  деп  жүрген  сопылардың  барлығы  дерлік  Қожа  Ахмет  Йассауи  тариқатының  шейхтары  еді”  дейді.  Ахметтің  әкесі  діндар,  құдай  жолын  ұстаған  атақты  шайкылардың  бірі  болған  секілді.  Бұлай  дейтін  себебіміз,  ақынның  149-хикметінде  оның  шыққан  тегі  туралы  төмендегі  сыр  шертеді:

...Ысқақ  баба  жұрыны,  шейх  Ибраһим  Құлыны,

Машайықтар  ұлығы  -  шейхым  Ахмет  Йассауи.

….Ясы  оның  арасы,  жатыр  гауһар  парасы,

 Машайықтар  сарасы-шейхым  Ахмед  Йассауи.  

Ахмет  Бұқар  қаласында  Юсуф  Хамаданидан  діни  білім  алғаннан  кейін,  Түркістанға  келіп,  сол  кезде  Орталық  Азияда  кең  тараған  сопылық,  діни-тақуалық  идеялардың  ірі  насихатшысына  айналады.  Ахмет  Ясауидің  ержете  келе  Түркістанға  келуі  дінге  байланысты  болса  керек.  Ақын  өз  өлеңдерінде  Түркістанға  келгені  жайында  былайша  баяндайды:

...Он  жетімде  Түркістанда  тұрдым,  міне

Он  сегізде  Шілтеменеи  шарап  іштім,

Рузы  қылды,  Жәннат  кезіп  қорлар  құштым,

Хақ  Мұстафа  жүздерін  көрдім,  міне...


 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
02 Қазан 2013
Уа, жаратқан! Хақ есігін аш алыстан, Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан. Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.
0 пікір 2483 рет қаралған
Фақрнама
02 Қазан 2013
Суфи тағатын халыққа көрсетсе, рия етсе, ол суфи емес. Суфи жолға шындықпен қадам басып, рас сөйлеуі тиіс.
0 пікір 196 рет қаралған
Н.Ә. Назарбаев, ҚР Президенті: Иасауи – біздің Конфуции
02 Қазан 2013
Қазақстанда үстемдік етіп тұрған мұсылмандық пен христиандық сияқты екі дін өкілдері арасындағы төзімділік пен кеңпейілділіктің кілті де діндер үсті ақиқатты паш ететін осы Иасауи ілімінде жатыр.
0 пікір 399 рет қаралған
«Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
17 Қыркүйек 2013
Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» туындысын аудару жұмыстары еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ерекше қарқын алып келеді.
0 пікір 880 рет қаралған
17 Қыркүйек 2013
Түркі халықтары әдебиетіндегі есімі ең жиі ауызға ілігетін, ең көп зерттеу нысанына айналдырылған шығармашылық иесі – Қожа Ахмет Йасауи.
0 пікір 495 рет қаралған
Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
17 Қыркүйек 2013
Біздің дәуірімізге дейін сақталып жеткен көне әдебиеттің аз ғана үлгілерінің өзі ХІІ ғасырға дейінгі түркі әдебиетінің аса бай әрі сан салалы болғанын пайымдауға мүмкіндік береді.
0 пікір 365 рет қаралған
Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасарларының басқа діни нанымдарға түсінікпен қарауы
17 Қыркүйек 2013
Қожа Ахмет Яссауи – Ислам сопылығы мен түркі әдет-ғұрпын бірлестіру арқылы Орта Азияда мұсылмандықты жайған «Ұлы Атамыз» болып табылады.
0 пікір 310 рет қаралған
Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның алатын орны
17 Қыркүйек 2013
Ахмет Яссауи – өзіне тән ойлау жүйесін қалыптастырып, сопылық өмір сүру тәсілінің негізін қалаған ұлы сопы.
0 пікір 235 рет қаралған
Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
17 Қыркүйек 2013
Отандық йасауитану ғылымында бірқатар іргелі зерттеулер жасалғанымен, бүгінге дейін хикметтердің жанрлық сипаты арнайы ізденіске арқау болып көрген жоқ.
0 пікір 461 рет қаралған
Йасауи және Абай: ұлылардың үндестiгi
17 Қыркүйек 2013
Он екi буынды Йасауи хикметтерiнiң алғашқы шумағының ұйқас бiтiмi өзге шумақтардан ерекшеленiп тұрады.
0 пікір 436 рет қаралған
Қожа Ахмет Йасауидің түркі тарихындағы рөлі
21 Тамыз 2013
Ол діннің негізгі тірегі иман екендігін анық түсінді және өзгелерді де иманның құдіретін өзіндей түсінуге, сезінуге шақырды. Қожа Ахмет Йасауи иманды діндегі бар амалдың алдына шығарды.
0 пікір 444 рет қаралған

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: