«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Жүсіп Баласағұн

1020

Жүсіп   Баласағұни

Жүсіп   Баласағұни,   Жүсіп   Хас   Хажиб   Баласағұни   (1020)   -   ақын,   ойшыл,   ғалым,   мемлекет   қайраткері.

Өмірі   туралы   мәліметтер   аз   сақталған.   Файласуфи   (философия),   риезиет   (математика),   тиббий   (медицина),   фэлэкиат   (астрономия),   нужум   (астрология),   өнертану,   әдебиеттану,   тіл   білімі,   тағы   басқа   ғылым   салаларының   дамуына   зор   үлес   қосқан.   Жүсіп   Баласағұнидің   есімі   әлемдік   әдебиет   пен   мәдениет   тарихында   "Құтадғу   білік"   ("Құтты   білік")   дастаны   арқылы   қалды.   Жүсіп   Баласағұни   бұл   дастанын   хижра   есебімен   462   жылы,   қазірғі   жыл   санау   бойынша   1070   жылда   жазып   бітірген.   Дастанды   "хандардың   ханы"   -   Қарахандар   әулеті   мемлекетінің   (942   -   1210)   негізін   салушы   Сүлеймен   Арслан   ханға   (908   -   955)   тарту   етеді.   Сол   үшін   хан   өз   жарлығымен   Жүсіп   Баласағұниға   "хас   хажиб"   -   "бас   уәзір"   немесе   "ұлы   кеңесші"   деген   лауазым   берген.   Дастанның   бізге   жеткен   үш   нұсқасы   бар.   Біріншісі,   Герат   қаласындағы   1439   жылы   көне   ұйғыр   жазуымен   (қазір   ол   Вена   қаласындағы   Корольдік   кітапханада   сақтаулы),   екіншісі,   14   ғасырдың   1-жартысында   Египетте   араб   әрпімен   (Каирдың   Кедивен   кітапханасы   қорында)   көшірілген.   Ал   Наманған   қаласынан   табылған   үшінші   нұсқа   12   ғасырда   араб   әрпімен   қағазға   түсірілген.   Бұл   қолжазба   Ташкенттегі   Шығыстану   институтының   қорында   сақтаулы   тұр.   Ғалымдар   осы   үш   көшірме   нұсканың   әрқайсысына   тән   өзіндік   ерекшеліктерді   жинақтай   отырып,   "Құтты   білік"   дастанының   ғылымының   негізделген   толық   мәтінін   жасап   шықты.   Венгер   ғалымы   Герман   Вамбери   (1832   -   1913)   "Құтты   біліктің"   бірнеше   тарауын   неміс   тіліне   аударып,   1870   жылы   Инсбрук   қаласында   жеке   кітап   етіп   бастырып   шығарды.   Бұл   шығарманы   зерттеу,   ғылымының   мәтінін   дайындау   және   аударма   жасау   ісімен   орыс   ғалымы   В.В.   Радлов   (1837   -   1918)   жиырма   жыл   бойы   (1890-   1910)   айналысқан.   Түркия   ғалымдары   1942-43   жылдары   "Құтты   біліктің"   үш   нұсқасын   да   Стамбұлдан   үш   том   кітап   етіп   шығарды.   "Құтты   білік"   дастаны   орта   ғасырларда   бүкіл   түркі   әлеміне   түсінікті   болған   Карахан   әулеті   мемлекеті   түріктерінің   тілінде   жазылған.   Оны   Қаримов   өзбек   тіліне   (1971),   Н.Гребнев   (1971)   пен   С.Иванов   орыс   тіліне   (1983),   А.Егеубаев   қазақ   тіліне   (1986),   бір   топ   аудармашылар   ұйғыр   тіліне   (1984)   тәржімалаған.   "Құтты   білік"   дастаны   белгілі   бір   мағынада   елдегі   Ата   заң   (Конституция)   қызметін   атқарған.   Дастанның   басты   идеясы   төрт   принципке   негізделген.   Біріншісі,   мемлекетті   дұрыс   басқару   үшін   қара   қылды   қақ   жаратындай   әділ   заңның   болуы.   Автор   әділдіктің   символдық   бейнесі   ретінде   Күн   туды   патшаны   көрсетеді.   Екіншісі,   бақ-дәулет,   яғни   елге   күт   қонсын   деген   тілек.   Бақ-дәулет   мәселесі   патшаның   уәзірі   Айтолды   бейнесі   арқылы   жырға   қосылған.  


02 Қазан 2013
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды.
0 пікір 417 рет қаралған
02 Қазан 2013
Баласағұн - өз кезінің көрнекті ғалымы ретінде математика, астрономия, табиғат тану, тарих және араб, парсы тілдері сияқты білім салаларын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым.
0 пікір 237 рет қаралған
17 Қыркүйек 2013
Баласағұн өмір сүрген кезең – Фердауси «Шахнамасының» даңқ биігіне көтерілген тұсы. Заманының озық ойлы тұлғасы Жүсіп Баласағұнның «Шахнамамен» жете таныс болғанына күмән жоқ.
0 пікір 566 рет қаралған
31 Тамыз 2013
Орта Азияға VII ғасырдан тарала бастаған ислам діні Х ғасырдың соңында қазақ жерінде құрылған мемлекеттердің ресми діні деңгейіне дейін көтерілді.
0 пікір 450 рет қаралған
21 Тамыз 2013
ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар дәуірінде жазды.
0 пікір 351 рет қаралған
21 Тамыз 2013
Ойшыл өз ізденісінде адамның бітім болмысын нұрға бөлейтін исламның құндылығы – көркем мінезділік екендігін негіздей отырып, адамның кемелденуі оның адами мұрат екендігін айқындайды.
0 пікір 573 рет қаралған

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: