Жақсылықтың жұрнағы

Дүйсенбі, 07.11.2021

Убайдулла бин Хасан әл-Ъанбари Басра шаһарының фиқһ ғалымы, қазиы және ғұламасы қатарынан еді. Шәкірті Абдурахман бин Маһди былай дейді:

«Біз ұстазбен бірге бір жаназада болдық. Ол кісіден бір мәселе жайын сұрадым. Ұстаз шатастырып жіберді. Мен: «Алла ісіңізді оңынан еткей! Бұл мәселе былай-былай болу керек», – дедім. Ұстаз аз кідіріп тұрды да: «Олай болса, райымнан қайттым. Мен бойұсынамын. Маған, жалғанның жуан тамыры болғаннан жақсылықты жұрнағы болғаным жаныма жақын», – деп жауап береді. Хафиз Ибн Хажардың «Таһзибут таһзиб» еңбегінен (7/7).

Ғұламалар қатесін түзетуге асыққан, ешуақытта бірбеткейлік танытпаған. Өйткені, дін ғылымы – аманат, оған қиянаттың жазасы – тозақ.

Иә, «сүрінбейтін тұлпар, жаңылмайтын жақ» жоқ демекші адам баласының қателесуі айып емес. Ең сорақысы, сол қателігін менмендік немесе надандыққа салынып «өзің білме, өзгенің тілін алмаға» салыну.

 

Дайындаған

Мұхаммед Ибраһим,

исламтанушы

Оқылды 134 рет
JoomShaper
Top