Жауапкершілікті сезіну

Сәрсенбі, 26.10.2021

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) адам болудың жауапкершілігінің қандай ауыр екенін терең сезінген жан.

Ол бірде жайбарақат жайылып жүрген мақұлықтарға қарап тұрып: «Әттең, ақыретте есеп бермейтін мына хайуан секілді немесе осылар жейтін өсімдік қана болып жаратылғанымда ғой...» деген екен.

Иманы кәміл ол кісі туралы құдіретті Алла мына аятты түсірген:

«Раббымыздың құзырына шығудан қорқатындарға екі жұмақ бар» (Рахман, 46)

 

Құдайберді БАҒАШАР,

исламтанушы

Оқылды 273 рет
JoomShaper
Top